Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Грузияда сайлау өтіп жатыр. Президентті – халық емес, сайлау коллегиясы таңдайды

Грузияда парламент ғимаратында президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлауды қазіргі президент Саломе Зурабишвили мен оппозициялық партиялар мен белсенділер мойындамайтынын мәлімдеген. 


Грузияның тарихында алғаш рет президентті халық емес, сайлау коллегиясы таңдайды. Президенттіктен жалғыз үміткер бар – билікшіл "Халық күші" партиясының мүшесі, бұрынғы футболшы Михаил Кавелашвили. Оның кандидатурасын "Грузин арманы" партиясының құрметті төрағасы, миллиардер Бидзина Иванишвили таңдаған. 


Сенбі күні парламент ғимараты маңына басқарушы "Грузин арманы" партиясының қарсыластары да жиналып жатыр деп жазды Азаттықтың Грузин қызметі. 




Сайлау коллегиясының құрамы төмендегідей: 



Грузия парламентінің 150 депутаты;
Аджар автономды республикасының Жоғарғы кеңесінің 21 мүшесі;
Абхазия автономды республикасының Жоғарғы кеңесінің 20 мүшесі;
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының 109 өкілі.


Сайлау комиссиясының құрамында парламенттегі төрт оппозиция партиясының 61 өкілі де бар, бірақ олар дауыс беруден бас тартқан. 


Дауыс беруге қатысудан Абхазия автономды республикасының Жоғарғы кеңесінің кемінде екі депутаты да бас тартқан. 


Ал дауыс беруге қатысатын жергілікті өзін-өзі басқару органдарының барлық өкілі басқарушы "Грузин арманы" партиясына мүше. 


Осылайша сайлау коллегиясында басқарушы партиядан 211 өкіл бар: парламенттен – 89 депутат, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан – 109, Аджар автономды республикасының Жоғарғы кеңесінен 13 депутат. Осының өзі Михаил Кавелашвилидің жеңісі үшін жеткілікті. 


"Грузин арманы" партиясы жаңа президенттің инаугурациясы 29 желтоқсанда өтетінін айтқан. Ал қазіргі президент Саломе Зурабишвили жаңа президентті жаңа парламент сайламайынша қызметінен кетпейтінін айтқан. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus