Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бурят журналисі Евгения Балтатарова Франциядан саяси баспана алды

Бурят журналисі Евгения Балтатарова Франциядан саяси баспана алды. Бұл жөнінде Sota жазды.


Журналист әрі белсенді Евгения Балтатарова 2022 жылдың наурызында Ресейден қысым көріп, Қазақстанға өтіп кеткен. 2022 жылдың наурызынан 2024 жылдың басына дейін Астанада тұрған Балтатароваға Қазақстан билігі босқын мәртебесін берген жоқ. Ол шешімді сотқа бергенмен өтініші сол күйі орындалмады. Қазақстанда бірнеше рет ұсталып, қайта босатылған. 2024 жылы қаңтарда оның Францияға кеткені белгілі болды.


Ресей армиясы туралы «фейк» ақпарат таратты деп айыпталған оған халықаралық іздеу жарияланған. Журналистің өзі Ресей құқық қорғау органдары "сыныққа сылтау іздеп", қылмыстық іс қозғауға түрткі болатын жайт табуға тырысқанын айтқан.


2022 жылы қазанда Ресей әділет министрлігі Балтатарованы "шетел агенті" деп танып, жеке тұлғалар тізіміне енгізген. Sota-ның жазуынша, 2024 жылдың мамыр айында "Сота" жобасына қатысушы ретінде екінші рет тізімге енгізілген. "Шетел агенті" ретінде заң міндеттемелерін орындамағаны үшін оған тағы бір қылмыстық іс қозғалған.


Францияда ол босқын мәртебесін шамамен бір жыл бойы күткен.


Қазақстан соғысты сынаған ресейлік белсенділерге көп жағдайда босқын мәртебесін бермейді. Олардың кейбірін Ресейдің күштік құрылымдары Қазақстан аумағында ұстап әкеткені белгілі болған. Кейбірі үшінші елге кете алған. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus