Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Прокуратура: Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу жақында аяқталады

Алматы облысы Талғар қаласында кісі қолынан қаза болған Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу жақында аяқталады. Жасөспірімнің қазасы төңірегіндегі оқиғаларға қоғам назары қайта ауған шақта Алматы облыстық прокуратурасы 13 желтоқсанда осындай мәлімдеме таратты. 


"Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталайын деді. Тиісті тергеу амалдары жүргізілді, барлық күдікті ұсталды" деп жазылған прокуратураның хабарламасында. 


Мемлекеттік органның мәліметінше, қазір тергеу органдары сараптама нәтижесін күтіп отыр, бұдан кейін іс тараптарға танысуға берілмек. 


Прокуратура мәлімдемесі қазан айында кісі қолынан қаза болған Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов әкімшілік қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалған шақта жарияланып отыр.  Ол 9 желтоқсанда Талғар маңынан өлі күйінде табылған інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың жаназасынан кейінгі оқиғадан кейін қамалды. Полиция мәліметінше, 30 жастағы Нұрғанат Ғайыпбаев "суицид жасаған". Екі ай ішінде екі жақынынан айырылған отбасы оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. 


10 желтоқсанда жерлеу рәсімі кезінде Нұрымов баласы мен інісінің өлімін әділ тергеуді талап етіп айқайлаған. Полиция мәліметінше, Нұрымов "қоғамдық орында әрі полиция қызметкерлеріне балағат сөз айтып, оларды пышақпен қорқытқан, басқа біреудің мүлкіне қасақана зиян келтірген, пышақпен көлікті сырып, дөңгелегін жарып тастаған". Оған "Бұзақылық" бойынша айып тағылды. 


12 желтоқсанда Қаржаубай Нұрымовқа "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. 


16 жастағы Шерзат Полат қаза болған жанжал 4 қазанда жасөспірімнің отбасы жалға алып отырған Талғардағы дүкен маңында болған. Сатып алушылардың бірімен болған даудың соңы жанжалға ұласып, ол достарын шақырып, суық қару қолданылған. Оқиғадан соң қара жамылған отбасының үйі өртеніп, полиция ауданда күзетті күшейткен. Бұған дейін марқұмның туыстары әкімдік алдына жиналып, тергеуді ашық әрі әділ жүргізуді талап еткен.


"Қ. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істерді тергеу бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз. Қоғамды жалған ақпарат таратпауға шақырамыз. Уәкілетті органдардың ресми мәлімдемелеріне ғана сенуді сұраймыз" деп жазылған ресми хабарламада. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus