Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі өзіне қол салмақ болған

Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ен Хен Сеул тергеу изоляторында өзіне қол салмақ болған. Ол елде заңсыз әскери жағдай енгізу ісі бойынша күдікке ілінген жоғары лауазымды тұлғалардың бірі. Бұған дейін сот оны мемлекетке сатқындық жасау ісі бойынша қамауға алу туралы шешім қабылдаған. 


"Ренхап" агенттігінің мәліметінше, қазір бұрынғы министр "қорғаныш камерасында", оның денсаулығына қауіп жоқ. 


Ким Ен Хенге қатысты тергеумен қауіпсіздік жөніндегі тергеу тобы айналысып жатыр. Бұған дейін оған мемлекетке сатқындық жасау және бүлік ұйымдастыру баптары бойынша айып тағылған. Ол халық алдында кешірім сұрап, 4 желтоқсанда отставкаға кеткен. Ким адвокаттары арқылы "бар жауапкершілікті өз мойнына алатынын" айтып, қарамағындағылар "жәй әншейін бұйрық орындағанын" айтқан. 


11 желтоқсанда полиция президент Юн Сок Ельдің әкімшілігінде, ұлттық полиция агенттігі, Сеул полициясы және ұлттық жиынға қарасты қауіпсіздік қызметінде тінту жүргізді деп хабарлады "Ренхап" агенттігі. Тінтуді әскери жағдайды тергеп жатқан арнайы топ жүргізген.



Юн Сок Ель 3 желтоқсанда "Солтүстік Кореяны жақтайтындармен күресу мақсатында" елде әскери жағдай енгізіп, ізінше парламент жарлықтың күшін жойған. Президенттің әрекеті елде жаппай наразылық туғызып, наразылар оның отставкасын талап етті. Президент пен оның айналасындағылар "бүлік ұйымдастырмақ болды" деген күдікке ілінді. 7 желтоқсанда парламентте депутаттар президентке импичмент жариялау туралы құжатқа дауыс беріп, тиісті дауыс алынбағандықтан құжат қабылданбаған. Оппозиция қалай болғанда да Юн Сок Ель тиісінше жауап беруіне күш саламыз деген. Оған елден кетуге тыйым салынды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus