Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сирияда уақытша үкіметті Мұхаммед әл-Башир басқаратын болды

Сирияны ширек ғасырға жуық билеп-төстеген Башар Асадтың режимі құлап, өзі Ресейге қашып кеткеннен кейін басшысыз қалған елдегі уақытша үкіметті Мұхаммед әл-Башир басқармақ. Бұл жөнінде сейсенбі, 10 желтоқсан күні телеүндеуінде әл-Баширдің өзі мәлімдеді. Ол уақытша үкіметті 1 наурызға дейін басқаратынын айтты.


Әл-Башир үкімет басшылығына келмек деген жаңалықты осының қарсаңында Al Jazeera таратқан еді деп хабарлады "Настоящее время" арнасы.


Қарашаның аяғында Асадқа қарсы күштер жұмыла тұтқиылдан шабуылға шығып, екі аптаға жетер-жетпес уақыт ішінде Сирияда билікте отырған режимді орнынан тайдырып жеңіске жеткенге дейін, Мұхаммед әл-Башир көтерілісшілердің "Сирияны құтқару үкіметін" басқарған. Бұл құрылым Сирияның солтүстік-батысындағы аудандарды, соның ішінде Идлиб провинциясын да бақылауда ұстаған.


Мұхаммед әл-Баширді АҚШ пен өзге де мемлекеттер террористік деп таныған "Хайят Тахрир әш-Шам" (ХТШ) тобының жетекшісі Әбу Мұхаммед әл-Жоланидің жақын серігі деп те атайды. Сирия туралы хабарламаларда "ХТШ" Асадқа қарсы көтерілісті бастаған күш ретінде аталады.


Сирияда Башар Асадтың үкіметіне қарсы қарулы күштер 27 қарашадан бастап белсенді іс-қимылға көше бастаған. Алға қарай шапшаң жылжи отырып, олар бірнеше күннің ішінде елдегі бірнеше ірі қаланы алды. Жексенбі, 8 желтоқсанға қараған түні көтерілісшілер Сирияның астанасы Дамаск қаласын өзіне қаратқаны туралы мәлімдеме жасады. Сириядан қашқан президент Башар Асадты Ресей паналатты. Көтерілісшілер жетекшілері жаңа үкіметті халық өзі сайлайды деп уәде беріп отыр.



2011 жылдан бастап Сирияда азамат соғысы жалғасып жатыр. Ресей Сириядағы азамат соғысына 2015 жылдан бастап президент Асадтың сойылын соғып араласа бастаған. Ресей әскери ұшақтары көтерілісшілерге әуеден шабуылдап, қанға бөктірген. Бұған қоса Ресей күштері құрлықтағы оперцияларға қатысқан, ондай іс-қимылдарға "Вагнер" жекеменшік әскери тобының жалдамалы сарбаздарын да салған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus