Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм қаңтарда қызметінен кетеді

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм зейнетке шығуына байланысты қызметтен кететінін мәлімдеді. АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметінің хабарламасы 5 желтоқсанда АҚШ елшілігінің сайтында жарияланды. 


"Елші Розенблюм 2022 жылдың қарашасынан бері Қазақстандағы миссияға жетекшілік етті. Ұзақ ойланғаннан кейін ол АҚШ-тың бес президент әкімшілігі мен сегіз мемлекеттік хатшысы тұсындағы карьерасын аяқтауды жөн көрді. Ол АҚШ-пен тұрақты әрі дамитын әріптестік орнатқан Қазақстанда АҚШ атынан өкілдік ету мүмкіндігіне ризашылық білдірді" деп жазылған хабарламада. 


Дэниел Розенблюм қызметінен 2025 жылдың 20 қаңтарында қызметінен кетеді. 


Жаңа елші тағайындалғанға дейін Дэниел Розенблюмнің міндетін оның орынбасары Дебора Робинсон атқармақ. 


АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі ретінде тағайындалғанға дейін Дэниел Розенблюм үш жыл АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарған. 2014-2018 жылдары АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің Орталық Азия бойынша орынбасары болған. 


Былтыр қыркүйекте Азаттыққа берген сұхбатында Дэниел Розенблюм АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты туралы айтқан.


"Біз еркін әрі қуатты азаматтық қоғамды, тәуелсіз баспасөз құралдарын, демократиялық ашық әрі әділ сайлауды, халқына есеп беретін өкіметті қолдау арқылы елдердің тұрақты әрі егемен болып қалуын көздейміз. Бұл мақсатқа қол жеткізуде осы мемлекеттермен бірлесіп жұмыс істей алсақ, дұрыс жолы сол болар. Бірақ адам құқығы, демократия, азаматтық қоғам, тәуелсіз баспасөз, еркін сайлау секілді дүниелерді АҚШ мәжбүрлеп орната алмайды. Мәжбүрлеуге біз мүдделі де емеспіз. Бастама елдердің өзінен болуы керек. Бірақ үкіметтер мен азаматтық қоғамнан сұраныс болса, біз тәжірибе бөлісуге дайынбыз" деген еді елші. 




 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus