Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Оралда сот отырысынан хабар таратқан журналисті ұрған

Umarovnews тілшісі Талғат Омаровтың сөзінше, соттан хабар таратып, кәсіби міндетін атқару кезінде оны ұрған. Оқиға 20 қарашада Қазақстанның батысындағы Орал қаласындағы сотта болған.


Журналист 22 жастағы Рагуф Нариманның өліміне қатысты іс бойынша апелляциялық алқа отырысына қатысқан. Бірінші инстанциядағы сот айыпталушы Ерназ Сәтпаевты – 12 жылға, Ержан Қадырбаевты 7,5 жылға бас бостандығынан айырған еді. Апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды.


Сот қаулысы оқылып, судья сот залынан шыққаннан кейін айыпталушы Сәтпаевтың әкесі – Жанқабыл Сәтпаев журналист Талғат Омаровты оң қолымен ұрған. Журналистің сөзінше, соққы бас сүйегі мен тамағына тиген.


Бір сағаттан кейін Жанқабыл Сәтпаев журналистке хабарласып, кешірім сұраған.




Umarovnews редакциясы жариялаған мәлімдемесінде Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдарын оқиғаны объективті зерттеуге шақырған: олар сот залынан видеожазбаны алып, кінәлілерді жазалауды сұраған.


"Umarovnews редакциясы Қазақстанда болсын, әлемде болсын баспасөз өкілдеріне күш көрсету және қоқан-лоққы жасау өрескел заңбұзушылық екенін еске салады. Баспасөз – адам құқығын қорғаудың маңызды тетігі. Оның мүмкіндіктері шектеулі болса, азаматтар пікір білдіру және өз мүдделерін қорғау құралынан айырылады" деп жазылған хабарламада.


21 қарашада Азаттыққа берген түсініктемесінде Талғат Омаров оқиғадан кейін оған полиция қызметкері хабарласып, реакция білдіретінін айтқан. Журналист арыз жазып, сот-медицина сараптамасынан да өткен.


"Менде ешқандай жарақат жоқ. Ешқандай шығын келген жоқ. Соққы жанап өтті. Бірақ оқиға сотта болды. Мен ешкімге сұрақ қойған жоқпын, ештеңеге араласқан жоқпын. Мені аяқ астынан ұрды, арсыздық пен ессіздіктен тіксіндім" дейді Омаров.


Оның сөзінше, сот залынан видео сақталмаған. Ол қарауылдардың видеотіркегіштерінде материал бар шығар деп үміттенеді.


Полиция "Ұрып-соғу" бабы бойынша қылмыстық істі тіркеді.


Мәдениет және ақпарат министрлігі 21 қарашада журналист Талғат Омаровты адвокатпен қамтамасыз ететінін мәлімдеді.


Қазақстан "Шекарасыз тілшілер" ұйымының рейтингісінде әлем бойынша 180 елдің арасында 142-орында тұр. Былтырмен салыстырғанда Қазақстан рейтингте 134-орыннан сегіз орынға бір-ақ сырғыған. Баспасөз қызметін қорғау ұйымдарының хабарлауынша, Қазақстанда үгіт-насихат күшейіп, санаулы тәуелсіз БАҚ қалған, журналистер қудалау, шабуыл, цензураға жиі ұшырайды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus