Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Мәжіліс "орыс тілі жөніндегі ұйым құру туралы" шартты қолдап дауыс берді

20 қарашада парламенттің төменгі палатасы "орыс тілі жөніндегі ұйым құру туралы" шартты қолдап дауыс берді. Құжатты 84 депутаттың 82-сі қолдады, 1 адам қарсы, 1 депутат қалыс қалды.


Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи "Қазақстанда орыс тілі мәселесі жоқ, қазақ тілі мәселесі бар" деді.



"Орыс тілінің тағдырына Қазақстанның алаңдайтын жөні жоқ. Бұл халықаралық қордың құрылуы Қазақстан үшін тіл мәселесі емес, сыртқы саясатқа қатысты өте маңызды мәселе болмақ. Қорыта келгенде, президент Тоқаевтың дипломатиялық саясатына дес беріп, мен осы заңды тісімді шықырлатып отырып қолдаймын. Қоғам да бұған түсініп қарайды деп ойлаймын. Қазір дүрілдеп, теңселіп, тербеліп тұрған әлемде біз үшін басқа балама қадам жоқ деп түсіну керек" деді депутат.


Депутат Айдос Сарым "орыс тіліне Ресейдің жеке дара меншігі деп қарамауымыз абзал. Әлемде қанша адам, қанша қоғам орыс тілін тұтынатын болса, сол арқылы ақпарат алып, тарататын болса, орыс тілі солардың да ризығы, игілігі" деді.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы қазанда Путинмен ТМД жанынан орыс тілін қолдайтын және дамытатын халықаралық ұйым құруды ұсынды. Сол жылы желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен саммитте Тоқаев 2023 жыл ТМД ұйымы аумағында орыс тілі жылы болатынын мәлімдеді. Бұл елде екіұдай пікір тудырған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus