Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан Қытаймен 2,5 млрд долларлық келісімдерге қол қойды

Қазақстан Қытай компанияларымен жалпы сомасы 2,5 миллиард долларға тең сегіз коммерциялық келісімге қол қойды, бұл екі ел арасындағы экономикалық әріптестікті нығайтуға ықпал етеді. Келісімдерге Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайға сапармен барғанда қол қойылған.


Премьердің баспасөз қызметі сапардың басты мақсаты – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай басшысы Си Цзиньпин арасындағы екіжақты тауар айналымын екі есеге арттыру жөніндегі келісімді жүзеге асыру деп мәлімдеді. Былтыр Пекин мен Астана арасындағы тауар айналымы 41 млрд долларға – рекордтық көрсеткішке жеткен.


Бектеновтің Шанхайға сапары әдетте Ресейдің ықпалы зор болған Орталық Азияда Қытайдың рөлі артып келе жатқанын көрсетеді. Аймақ елдері Мәскеуге тәуелділігін азайтуға тырысып жатқан шақта Қытай Орталық Азия аймағындағы елдерде инфрақұрылым және энергетика жобаларын қаржыландырып, ықпалын кеңейтіп жатыр.


Шанхайда өткен инвестициялық жиында Бектенов Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобаларды жүзеге асыруға әлеуеті бар деді. Премьер-министр Қытай компанияларын Қазақстандағы бизнес-қоғамдастықпен әріптестік орнатуға шақырды.


Кездесуге металлургия, энергетика, автомобиль өнеркәсібі, көмір химиясы, агроөнеркәсіп кешені, фармацевтика және басқа да салалар бойынша компания өкілдері қатысқан.


Қазақстан мен Қытайдың бірлескен кәсіпорындары бүгінде бес мыңға жеткен.




Жақында вице-премьер Қанат Бозымбаев пен Қытай даму институтының вице-президенті Цзянь Цюй Алматы облысындағы Алатау қаласын салу мәселесіне байланысты келіссөз жүргізіп, ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға келіскен. Бозымбаев кездесуде "Алатау қаласын құру бойынша Қытай даму институтын кеңесші және консультант ретінде көргіміз келеді" деп айтқан.


Биыл қаңтарда Алматы облысындағы Жетіген ауылы Aлатау қаласына айналған. 25 мың халқы бар елді мекенді қайта құру туралы жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған. Жаңа қаланың аумағына көрші жатқан ауылдар қосылды.




Қазақстан сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы екіжақты сауда көлемі 31,5 миллиард долларға жеткен. 2022 жылы бұл көрсеткіш 24,1 миллиард доллар, ал 2021 жылы 18 миллиард доллар болған.


БҰҰ сауда статистикасына қарағанда, 2023 жылы Қытайдың Қазақстанға экспорты 24,7 миллиард доллар, импорты 16,4 миллиард долларға тең болған. Қосындысы Си Цзиньпин айтқан 41 миллиард доллар болады. Бұл – БҰҰ-ға Қытай тарабы берген дерек.


Ал Қазақстан тарапы берген мәлімет бойынша, 2023 жылы Қазақстанның Қытайға экспорты 14,8 миллиард доллар, ал Қытайдан импорт 16,8 миллиард доллар көлемінде деп көрсетілген. Яғни Қытай мен Қазақстан дерегінде алшақтық бар.


Қазақстан Қытайға көбіне шикізат пен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатса, ол жақтан киімнен бастап, электроникаға дейін мыңдаған тауар түрін алады.


Астана БҰҰ-ға ұсынған дерекке қарағанда, Қытай кейінгі екі жылда расымен де Қазақстанның ең ірі сауда серіктесіне айналған. Оған дейін бұл тізімде көш бастап келген Ресеймен Қазақстанның екіжақты саудасы былтыр 26 миллиард доллар болған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus