Оразбай Байбақұлы, Түлкі мен қонжық Қарт түлкінің немересі Жымсыма атасының өнерін әбден меңгеріп алған. Күнде ерте тұрып, тышқан аулайды. Кейде ұядағы жұмыртқаларды жымқырады. Ол бүгін күн көтеріле ұйқысынан оянды. Сәлден соң желе жортып көл жағасына келді. Оңай олжа іздеп жүріп, белуарынан су кешіп тұрған қонжықты көзі шалды. Оның балық аулап жүргенін бірден түсіне қойды. Жымсыма қалың бұтаның көл көрінетін тұсына келіп, жата қалды. Көзін қонжыққа қадаған қалпы не істеу жайын ойлады. Қонжық екі балықты екі қолына ұстап, жағаға шыға бергенде, кенет алдында пайда бола кетті де:
Қарт түлкінің немересі Жымсыма атасының өнерін әбден меңгеріп алған. Күнде ерте тұрып, тышқан аулайды. Кейде ұядағы жұмыртқаларды жымқырады. Ол бүгін күн көтеріле ұйқысынан оянды. Сәлден соң желе жортып көл жағасына келді. Оңай олжа іздеп жүріп, белуарынан су кешіп тұрған қонжықты көзі шалды. Оның балық аулап жүргенін бірден түсіне қойды. Жымсыма қалың бұтаның көл көрінетін тұсына келіп, жата қалды. Көзін қонжыққа қадаған қалпы не істеу жайын ойлады. Қонжық екі балықты екі қолына ұстап, жағаға шыға бергенде, кенет алдында пайда бола кетті де:
— Сәлем! — деді күлімсіреп.
— Сәлем... — деді Қонжық та бұл кездесуді аса ұнатпағаны дауысынан сезіліп.
— Олжалы...