Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тәжікстандағы жер сілкінісінен ондаған үй мен қора-қопсы бүлінді

Тәжікстанның Соғды облысы Таулы Матча ауданында болған жер сілкінісінен үйлер мен қора-қопсы қираған. Бұл жөнінде Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады.


Магнитудасы 5.9 болатын жер сілкінісі 23 наурызға қараған түні жергілікті уақытпен 1:07-де тіркелген. Тәжікстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Умеда Юсуфидің айтуынша, дүмпу кіндігі Таулы Матча ауданындағы Палдорак ауылы маңында болған. Душанбеде дүмпу күші 3-4 балл, Рашт ауданында 4-5 балл, ал Таулы Бадахшан ауданында 2-3 балға жеткен.


Оның айтуынша, жер сілкінісі салдарынан Таулы Матча ауданындағы кей үйлер мен қора-қопсы құлаған. Жараланғандар жоқ.


Палдорак ауылы тұрғындары Азаттықтың Тәжік қызметіне видеолар жіберді. Оған қарасақ, ауылда біраз үй бүлінген, кей үйлердің қабырғасы құлаған. Көршілес жатқан Пакшиф, Дехманора, Худгифи-Эшонхо және Рог ауылдарында да бүлінген үйлер бар.


Тұрғындар сол түнді далада өткізген. Азаттық сөйлескен адамдардың айтуынша, биліктен ешқандай көмек болмаған.


"Біздің кишлактағы үйлердің бәрі дерлік бүлінді. Малдың көбі өлді. Жұрттың қонатын жері жоқ, арамызда ауру адамдар, балалар, әйелдер бар. Ауылдықтардың бәрі осындай күйде" деді Палдорак ауылының тұрғыны.


Тәжікстан премьер-министрі Кахир Расулзода мен Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмедзода апат аймағына кеткен.


Биыл 21 қаңтарда кешке Ауғанстан, Тәжікстан және Пәкістан мемлекеттерінің шекарасында жер сілкінген. Зілзала кіндігі Ауғанстанның Журм уезінен оңтүстікке қарай 40 километр жерде болған. Соның кесірінен Пәкістан мен Ауғанстанда 13 адам қаза тауып, 90-дай адам жараланған.


 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus