Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Кемпірабад су қоймасын Өзбекстанға беру: Қырғыз билігі оппозициялық саясаткерлер мен белсенділердің үйін тінтті

Қырғызстанда билік Кемпірабад су қоймасын Өзбекстанға бермеуді талап еткен белсенділер мен саясаткерлердің үйлерін тінтіп жатыр. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, кейбірі милицияға жеткізілген. Арасында белсенді Ерлан Бекшора да бар. 


"Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру күдігі бойынша тінту жүргізді. Қазір тергеу амалдарына қатысамын" деді Ерлан Бекшора. 



Құқық қорғаушы Азиза Әбдірасылова саясаткерлер мен белсенділермен хабарласып отырғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, 12 адамның үйінде тінту жүргізілген. Милицияға белсенді Әли Шабданұлы да жеткізілген. 


23 қазанда таңертең экс-депутат Равшан Жиенбеков пен Әсия Сасықбаева, экс-судья Клара Соронқұлова, құқық қорғаушы Рита Карасартова, орталық сайлау комиссиясының бұрынғы мүшесі Гүлнар Жорабаева және өзге азаматттардың үйінде тінту болған. Жиенбеков оқиғаны Кемпірабад су қоймасын қорғау жөніндегі комитеттің құрылуымен (15 қазанда құрылған) байланыстырды. 


Қырғызстан ішкі істер министрлігі әзірге оқиғаға түсініктеме берген жоқ. 


15 қазанда Ош облысы Үзген ауданы Қызыл Октябрь ауылында мың адам қатысқан Кемпірабад су қоймасының мәселесі бойынша халық құрылтайы өткен. 21-22 қазан күндері Үзген ауданына қарасты кейбір елді мекен тұрғындары наразылыққа шығып, су қоймасы аумағын Өзбекстанға бермеуді талап еткен. 


22 қазанда мемлекеттік "Кабар" телеарнасына берген сұхбатында президент Садыр Жапаров "шерулер мен митингілердің артында кім тұрғанын білетінін" мәлімдеген. 


Жогору кеңешінің халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон жөніндегі комитеті Өзбекстанмен шекарадағы кейбір аумақты делимитациялау туралы келісім жобасын мақұлдаған. Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің отырысында комитет төрағасы Қамшыбек Ташиев келісім бойынша 4485 гектар жер, оның ішінде Кемпірабад су қоймасы да бар, Өзбекстан жағына өтеді деп мәлімдеген. Ал Ош пен Жалалабад облыстарының 18 мыңнан астам гектар жері қырғыз жағында қалады деген. Оның айтуынша, Өзбекстанмен келісім нәтижесінде Қырғызстан картасы 15 мың 806 гектарға кеңейеді. 


Қырғыз-өзбек шекарасы туралы жоба келісімі Жогорку кеңешіндегі  халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон комитеті жетекшісінің ауысуына себеп болған. 20 қазанда депутаттар аталған мәселе бойынша шешімге қол қоюдан бас тартқан Шыңғыс Айдарбековті қызметінен алған. Оның орнына Ұлан Примов тағайындалды. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus