АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында берілетін заемның ең жоғары сомасы бойынша шектеулер қойылмайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласы «Отбасы банкі» АҚ филиалының директоры Данагүл Түсіпова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.