Добавить новость

РСХБ: сельское население – ключ к решению демографического вопроса в стране

Рейсы Москва — Барнаул задерживается. Город накрыл туман (обновлено)

Петербург меняет фаворитов: инвесторы предпочитают вкладываться в землю и склады

Завершились допросы телохранителя и спутницы Павла Дурова

World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақтөбеде прокурор "қаржы пирамидасымен айналысқандарды" ұзақ жылға соттауды сұрады

3 тамыз күні Ақтөбе прокуратурасы «Выгодный займ», «Гарант 24 Ломбард», «ESTATE Ломбард», «Нұр-Али Капитал» компанияларының құрылтайшысы әрі жетекшісі» Жанболат Есіркеповті 20 жылға, оның сенімді серігі болып, Қазақстанның әр өңіріндегі филиалдарға басшылық еткен тағы бірнеше адамды әрқайсысын 19 жылға соттауды сұрады. «Қаржы пирамидасын құрып», «он мыңнан астам салымшының ақшасы мен мүлкін иемденген» қылмыстық топтың бас есепшісі» деп сипатталатын Дана Князбаева 12 жылға сотталуы мүмкін. Бұл іс бойынша мемлекеттік айыптаушылар сұрап отырған жазаның ең азы - 9 жыл түрме жазасы.  


Тергеу орындары Жанболат Есіркепов бастаған жалпы саны 48 адамды «17 мыңнан астам қазақстандықтың қаржысын алаяқтық жолмен иемденді» деп айыптап отыр. Сот жарыссөзі 1 тамыз күні басталған. Зардап шеккендер мен сотталушылардың көптігінен прокурорлар айыптау сөзін үш күн бойы кезектесіп оқыды. 


Ақтөбе соты бұл істі 2020 жылғы қараша айынан яғни, 1,5 жылдан бері қарап жатыр. Бұл істе 17 162 адам жәбірленуші танылған. Олар 30 млрд 220 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған деп айтылады.  


Тергеу материалдарына қарағанда, «Выгодный займ»  2018 жылы Ақтөбе қаласында ашылып, 2020 жылы ақпанға дейін өзге өңірлерден бөлімше ашып, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент, Павлодар, Жаңаөзен секілді бірнеше қаласында жұмыс істеген. Салымшыларға өзін «криптовалютамен айналысатын ұйым» ретінде таныстырған. 




«Қаржы ұйымын құрып, оған жетекшілік етті», «қаржы пирамидасын құрды», «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды», «алаяқтық жасады», «заңсыз банктік қызметпен айналысты» деген ауыр айыптар тағылған Жанболат Есіркеповтің жасы 31-де. Ақтөбе облысындағы Ойыл ауданының тумасы. Осы қылмыстық іс материалдарында  «Есіркеповтің серіктерінің бірі» ретінде сипатталатын Жандос Елтаев оның туған інісі.


Мемлекеттік айыптаушылар «беделі жағынан филиал басшыларынан да жоғары болған» деп сипаттайтын Дана Князбаева 34 жаста. Тергеуге шақырылған зардап шегушілер мен куәлар Дана Князбаеваны жазбай танып, оны  бірі «Жамал Максатовна», енді бірі «Бану» деп атаған. Прокурорлардың сөзінше, мұның бәрі Дана Князбаеваның бүркеншік есімі. 


Сотталушылар қазақстандықтарға микронесие берумен айналысқан. Тергеудің мәліметінше, компания есепшотына 300 мың теңге алғашқы жарна салушыларды олар «ай сайын 35-48 пайыз өсім болады деп сендірген». Сотталушылар қазақстандықтардан жылжитын және жылжымайтын мүліктерден өзге бағалы зергерлік бұйымдарды да сатып алып отырған.


«Қаржы пирамидасын құрушылар» соты Ақтөбедегі қоныс колониясында өтіп жатыр. Бұл - бұрын жасөспірімдер колониясы болған жабық мекеме. Сотталушылар саны көп болғандықтан колонияның спорт залы осы процеске лайықталып, алдын-ала дайындалған. 


Қазақстан заңнамасы бойынша, сотталушы бір жылдан артық тергеу изоляторында бола алмайды. Қылмыстық-процестік кодекстің 342 баптың 4-бөлігіне сәйкес, күзетпен ұстаудың 12 айлық мерзімі өткеннен кейін сот бұлтартпау шарасын үйқамаққа немесе өзге де бұлтартпау шарасына ауыстыруы тиіс. Осыған орай тергеу изоляторындағы 31 адам 2022 жылғы 9 маусым күні үйқамаққа жіберілген. Олар сотқа келуден жалтармас үшін сот қаулысымен Ақтөбе әкімдігі берген тұрғын үй үйқамақ орны деп белгіленген.


Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, бұл іс бойынша 13 сотталушы әу бастан үйқамақта. Сот залына тергеу изоляторынан  айдауылмен келіп жүрген төрт адамға айып кейінірек тағылған. 


Сот жарыссөзі кезінде журналистер сот өтіп жатқан залға жіберілген жоқ. Журналистер жарыссөз барысын Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындағы монитордан бақылап отыр. Жарыссөздің алғашқы күні мемлекеттік айыптаушының сөзін бөлген адвокаттардың бірі «зерттелмеген фактілерді айтып жатыр» деген болатын. Монитордан адвокаттың бет-жүзін көру мүмкін болмады. Азаттық хабарласқан бірнеше адвокат «үкім шықпайынша ештеңе айта алмаймыз» деп сұқбат беруден бас тартты. 


Қазақстанда кейінгі уақытта қаржы пирамидасына ақша салып алданғандар сан күрт артып, қылмыстық істер көбейді. Қаржы пирамидасына қатысты істермен айналысып жүрген заңгер Юлия Ашихмина Азаттыққа берген сұқбатында "қазақстандықтар тірліктен қажығаннан, қаржылай және әлеуметтік шарасыздықтан қаржы пирамидасына ақша салады" деген.




 

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Выбралась из Чертаново в Дубай, арестована в Париже: Выяснились подробности жизни спутницы Дурова

Рейсы Москва — Барнаул задерживается. Город накрыл туман (обновлено)

Сбежавшие нарушители массово побросали мотопомпы

Прожиточный минимум: в Москве официально запретили строительство микроквартир

Музыкальные новости

Бастрыкин контролирует дело о нелегальном цехе розлива напитков в Красногорске

Музыкальный Продюсер. Известный музыкальный Продюсер.

Ливень затопил дороги в центре Сочи и зрительный зал на концерте Стаса Михайлова

Футбольный клуб "Факел" обыграл "Оренбург" в матче РПЛ

Новости России

Трамп: став президентом, я создам Космическую национальную гвардию США

Рейсы Москва — Барнаул задерживается. Город накрыл туман (обновлено)

Прожиточный минимум: в Москве официально запретили строительство микроквартир

Петербург меняет фаворитов: инвесторы предпочитают вкладываться в землю и склады

Экология в России и мире

Новые звезды артистов, дизайнеров и предпринимателей зажглись на IV Фестивале “Красивый бизнес России – Мода. Музыка. Кино”

Новые лица отелей Hilton на Сейшелах

Сколько раз способен укусить один и тот же комар?

Золотые регионы России: «585*ЗОЛОТОЙ» рассказал, в каких городах чаще покупают изделия из золота

Спорт в России и мире

В зоне особого давления // начинает US Open после допингового скандала первая ракетка мира Янник Синнер

Чемпион "Большого шлема" дал прогноз на матчи трех россиян на старте US Open

Арина Соболенко показала, как проходит её день в Нью-Йорке

Чемпион "Большого шлема" оценил сетку Даниила Медведева на US Open

Moscow.media

Более 150 студентов в этом году прошли практику в «Автодоре» и дочерних организациях

Обкатка современных автомобилей: мнение эксперта Шпикалова "Не стоит ждать ничего экстраординарного от обкатки"

ALMI Partner выпустила новую версию почтового клиента AlterOffice

Все в домике...











Топ новостей на этот час

Rss.plus






Депутат Аксаков: в России могут ввести четыре новые программы льготной ипотеки

Зарплата орловских врачей почти вдвое ниже среднероссийского уровня

РСХБ: сельское население – ключ к решению демографического вопроса в стране

Прожиточный минимум: в Москве официально запретили строительство микроквартир