Алтын күрек
Неприятна вам кровь на бумаге?
А в жизни приятно, изранив,
Мучить долго и больно,
Не зная при этом стыда?
Почему вы хотите вычеркивать кровьиз поэм,из романов?
Надо вычеркнуть прежде
Из жизни ее навсегда!
Евг. Евтушенко.
1
Түс ауа шабуыл қайта басталды.
Біздің полктың бір батальоны жаудың сол жақ қанатының астына сыналап енгендей, ентелеп, ішке қоян-қолтық кіріп кетті. Танкке қарсы ататын кішкене зеңбіректерін сүйреткен артиллерия взводтары және қол пулеметшілер жаяу әскерді оғымен демеп, жауды тықсырып ығыстыра берді. Жау қатты састы. Алдыңғы шеп ыдырап сала бергені емес пе. Түстен кейін мұндай тұтқиылдан басталған шабуылды күтпесе керек. Олар өлгендері түгіл,...