Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Министр Тараз қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» ӘКК» АҚ фронт-офисінде болды.

Тамара Босымбекқызымен бірге аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дәулет Әбілқайыров, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов және тағы басқалары болды.

Жиын барысында қатысушылар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның атқарған табысты жұмыстарымен таныстырып, «Жамбыл облысы тұрғындарының кірісін арттыру» пилоттық жобасының тиімділігіне тоқталды.

Спикер пилоттық жобаны іске асыру фронт-офисте жүзеге асырылып жатқанын, содан кейін басқарма төрағасы министрге слайдты таныстыруды пысықтағанын қосты. Бұдан әрі ол өз сөзінде «пилот» есебінен өндірілген өнім көлемінің ұлғаюын атап өтті, сондай – ақ атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының 490 адамға дейін азаюы туралы түсіндірді, осылайша жылына миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделеді.

Тамара Дүйсенова халықтың табысын арттыру бойынша жобаларды кеңейтуге қатысты бірқатар ұсыныстармен (мыс. – ӘКК-ге кооперативтерге, яғни «пилотқа» қатысушыларға жер учаскелерін беру, техника мен жабдықтарды лизингке беру және «пилоттың» 5 бағыты бойынша (ШОБ) қызмет түрлерін ұлғайту бойынша ұсыныстар), жұмылдырылған микроқаржы ұйымдарының жұмыс барысымен танысты.

– Жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында жобаға қатысушылардың орташа табысы 250 пайызға артты, бұл 41,6 мыңнан 104 мың теңгеге дейін. Өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар саны 640 адамға азайды. Пилоттық жобаны іске асыру аясында өңірде 589 жаңа жұмыс орны құрылды, бұдан басқа «пилоттық округтерде» жеке кәсіпкерлер саны – 2238 адам өсті, – деп толықтырды Дәулет Әбілқайыров.

Жамбыл облысының әкімі министрге 2021 жылғы «пилотты» қорытындылай отырып, ӘКК жұмысы туралы толығырақ айтып, 2022-2023 жылдарға арналған одан әрі іске асыру жоспарларын белгіледі.

– Жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен облысқа 7,2 миллиард теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттен-2,0 миллиард теңге техника мен жабдықты лизингке беруге бөлінді. Жамбыл облысының 10 ауданынан 11 ауылдық округте 8337 аула – 51,1 мың тұрғын қамтылды. 25 елді мекеннің 11 пилоттық ауылдық округі мен 11 ауыл шаруашылығы кооперативінің 2478 тұрғынына несие берілді, – деді Нұржан Нұржігітов.

Соңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жиналған қауымға атқарылған жұмыс туралы егжей-тегжейлі есеп бергені үшін алғыс айтып, жергілікті жерлерде Бағдарламаға қатысушыларға бару үшін ауылдық округтерге аттанды.

Сообщение Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus