НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияның премьер-министрі Марио Драги бейсенбі күні ел президенті Серджо Маттареллаға отставкаға кету туралы жаңа өтініш берді. Таңертең парламенттің төменгі палатасында сөз сөйлеген ол отырысты тоқтатуды сұрап, мемлекет басшысына баратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.