Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Журналист Лұқпан Ахмедияров қамаудан шықты

Оралдық журналист Лұқпан Ахмедияров 17 қаңтарда әкімшілік қамаудан босап шықты. Ол "заңсыз митингіге қатысқаны" үшін 7 қаңтарда 10 тәулікке қамалған еді.


- Әрине түрмедегі жағдай мәз емес, төсек-орын лас, камера ішінде темекінің иісі мүңкіп тұр, антисанитария, бірақ қарым-қатынас жаман емес. Менімен сыпайы болуға тырысты, тамағы жақсарған, бірақ 10 күн бойы басшылықтың әлдебір тыйымына сілтеп, маған телефон соғуға рұқсат бермеді,- деді журналист.


Бұл мәселеге қатысты Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментіндегілер "тәулік мерзіміне қамалғандарға телефонмен сөйлесу қарастырылмаған" деп жауап берді.


Ахмедияров 5 қаңтарда Оралдың орталық алаңында өткен наразылықтан кейін ұсталған. Ол митингіге журналист ретінде барғанын, сол жерде тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырып, сөз сөйлегенін айтады.


Елдегі сөз бостандығын бақылайтын "Әділ сөз" қорының есебінше, қаңтардың 3-12 аралығында елде кемі төрт журналист қызметі үшін 10-15 күнге қамауға алынған, бір БАҚ қызметкері қаза тапқан. Ол - "Алматы" телеарнасының көлік жүргізушісі Мұратхан Базарбаев.


Қамалғандар - Лұқпан Ахмедияров, көкшетаулық "Бұқпа" газетінің бас редакторы Бақыт Смағұл, Өскемен әкімдігіне қарайтын altaynews.kz сайтының редакторы Дарын Нұрсапар және Ақмола облысында Kokshetau Asia сайтының редакторы Нұржан Баймулдин.


Ақтөбеде билікке қарсы наразылықтан соң белсенділер қамалып, журналистер полицияға шақыртыла бастады. Бұл облыста кемі төрт журналист полицияға шақыртылған. Оның ішінде Азаттық тілшісі Жаңагүл Жүрсін де бар. 




 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus