Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Белсенді Кенжебек Әбішев қайтыс болды

Бүгін, 17 қаңтар күні азаматтық белсенді, ақын, түрмедегі жылдары "саяси тұтқын" деп танылған Кенжебек Әбішев 56 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қаралы хабарды Азаттықа Әбішевтың әйелі Гүлмира Әбішева растады.


– Таңғы бес жарымда жүріп кетті. "Асқазаным шеге жұтып қойғандай боп, ауырып тұр" деп шағымданды. Жедел жәрдем шақырып едім, олар келгенше жүріп кетті. "Жүрегі, инфаркт" деді. Қуанышым ұзаққа бармады ғой, көнем ғой, не істеймін басқа?, – деді жасын тыя алмаған белсендінің әйелі.


Кенжебек Әбішев былтыр 13 қазанда шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан еді. Ол "жазасының" қалған бөлігі яғни, 2 жыл 4 ай 20 күнді бостандығы шектелген күйі өтеуі тиіс-тін.


Алматы облыстық соты 2018 жылғы 21 желтоқсанда Кенжебек Әбішевті "терроризмді насихаттады" деген айыппен жеті жылға соттаған еді. Билік оны "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына қатысы бар деп айыптады. Нұр-Сұлтан соты бұл қозғалысты экстремистік ұйым деп таныған. Бірақ Еуропарламент оны бейбіт ұйым деп атаған. Қозғалысқа қуғындағы экс-банкир, қазір шетелде тұратын Мұхтар Әблязов жетекшілік етеді.


2019 жылы апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырған. Бірақ 2020 жылғы 13 наурызда Қапшағай қалалық соты жаза мерзімін азайтқан.


Қазақстандық құқық қорғаушылар Кенжебек Әбішевті саяси тұтқын деп таныған. Былтыр 11 ақпанда Еуропарламент Қазақстандағы адам құқығы ахуалы туралы қабылдаған қарарында Нұр-Сұлтанды елде түрмеде отырған саяси тұтқындарды босатуға үндеген. Қарарда 28 саяси тұтқынның бірі Кенжебек Әбішевтің де аты аталды.


Қазақстан билігі елде саяси тұтқын жоқ деп есептейді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus