Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қызметінен кетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы бүгін, 17 қаңтарда Ақорда сайты жазды.


43 жастағы Самат Әбіш – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Ол бұл қызметті 2015 жылдан бері атқарып келеді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 2010 жылдан бастап жұмыс істейтін Самат Әбіш күш құрылымдарындағы ықпалды адамдардың бірі саналатын.


Қаңтар оқиғалары ушығып тұрған 5 қаңтар күні Тоқаевтың өкімімен президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Мұрат Нұртілеу Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалғанда, Самат Әбіштің тағдыры түсініксіз болып қалды. Билік оның қызметінен кеткенін, не өз орнында қалғанын айтпады. Бірақ санаулы күннен соң комитет Самат Әбіштің қызметінен кетпегенін, әлі де төрағаның бірінші орынбасары екенін айтқан. Сөйтіп комитет төрағасының екі бірінші орынбасары жұмыс істеді.


14 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіштің демалыста екенін хабарлаған.


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы болған Кәрім Мәсімов 6 қаңтар күні жұмыстан босатылып, екі күннен кейін ұсталды. Ол "мемлекетке сатқындық жасау", "қызметін асыра пайдалану", "билікті күшпен басып алу" істері бойынша күдікке ілініп отыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus