НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 24 желтоқсанда солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар республика аумағының барлық бөлігіне ықпалын тигізеді, соған байланысты қар жауады. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде болады. Елдің тек батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Сондай-ақ республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта жаяу бұрқасын жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.