Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шыңжаңдағы жақындарын қайтаруды талап еткен Халида Ақытхан мен Жәмила Мәкенге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан соты бір күн бұрын Қытай елшілігі алдында туыстарын қайтаруды талап етіп, ұсталған он адамның екеуіне - Халида Ақытханға 30 айлық есептік көрсеткіш (87,5 мың теңге немесе 206 доллар), Жәмила Мәкенге 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (145 мң теңге я 340 доллар) айыппұл салды. Бұл туралы 24 қыркүйекте қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.


Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот екеуіне жеңілдік жасап, айыппұл көлемін 30 пайызға қысқартқан. Оларға "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" (Әкімшілік кодекстің 488-бабы, 6-бөлімі) бойынша айып тағылған.


65 жастағы Халида Ақытхан – Қытайда қамалған үш ұлын елге жіберуді талап етіп жүрген белсенді аналардың бірі. Ол бұған дейін де әкімшілік сотқа тартылған.


Шыңжаңдағы туыстарын қайтаруды талап етіп жүрген топ осы аптада наразылықты Алматыдан Нұр-Сұлтанға ауыстырған. Бұл жақта да полиция Қытай елшілігі алдында наразылық өткізгендерді ұстап, әкімшілік жазаға тартуға тырысып жатыр. 24 қыркүйекте күндіз наразылыққа қатысқан Гаухар Құрманғалиеваға айыппұл салынды. Қазір тағы бірнеше белсендінің соты жалғасып жатыр.


Шыңжаңдағы туыстарын қайтаруды талап етіп жүргендер наразылық акцияларын ақпанда Алматы қаласында бастаған. Олар 200 күн бойы Алматыдағы Қытай консулдығына барып, Пекиннен Шыңжаңдағы туыстарын Қазақстанға жіберуді талап еткен. Наразылар кей күндері консулдық алдында түнеген еді. Олардың айтуынша, жеті айдан астам уақытқа созылған акция барысында Қытай консулдығынан бірде-бір адам шығып, жауап бермеген.


БҰҰ есебінше, Қытай Шыңжаңда лагерьлер ашып миллионға жуық ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарды жазықсыз қамаған. Батыс елдері Пекиннің Шыңжаңдағы әрекетін "геноцид" деп сипаттайды. Қытай билігі бұл айыптарды жоққа шығарып келеді.




 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus