Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

БАҚ: Израиль Газадағы жалғыз коронавирус зертханасы орналасқан клиниканы қиратты

Израиль тарабының соққысынан кейін Газа секторында коронавирус анықтайтын жалғыз зертхана істен шықты. Бұл туралы The Times of Israel басылымы жазды. 


ХАМАС өкілдеріне сүйенген басылымның жазуынша, соққының салдарынан Газа секторындағы Әл-Рималь клиникасы ішінара қираған. Зертхана осы клиникада орналасқан. ХАМАС-тың ресми өкілдерінің айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі мен Қызыл Ай ұйымының Катардағы басқармасы ғимараты да бүлінген. 


Газаның денсаулық сақтау вице-министрі Юсеф Әбу әл-Риш ақпарат құралдарына министрлік қызметкерлерінің жараланғанын, кейбірінің жағдайы ауыр екенін хабарлады. 


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, Газа секторында коронавирус тесті оң шыққан азаматтар өте көп (28 пайызы), бұл көрсеткіш бойынша Газа әлемде алдыңғы орындарда тұр. Мұнда ауруханаларда орын жоқ. The Times of Israel басылымының жазуынша, Газада 103 мың адамның ПТР-тесті оң шыққан, коронавирустан 930-дан астам адам қайтыс болған. 


Палестина ақпарат құралдары сейсенбі күні Израиль қорғаныс армиясының Газа секторына жаппай соққы бергенін хабарлады. ХАМАС-тың жағалаудағы кемелері де атқылауға ұшыраған. 


17 мамырда Washington Post АҚШ-тың Израильге 735 млн долларға жоғары дәлдікпен тигізетін қару сатуды мақұлдағанын хабарлаған. 


Аймақта жағдай ушыққалы бері (10 мамыр) Палестина билігінің мәліметінше, Газа секторында 192 адам қаза болған, 58-і – бала. Израиль әскері ХАМАС-тың әскери нысандарын тұрғын үйлермен қатар салып, бейбіт тұрғындарды "қалқан" ретінде пайдаланып отыр деп айыптаған. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus