Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Полиция Қытай консулдығы алдында наразылық жасағандарды тағы ұстап әкетті. Сот өтіп жатыр

Алматыда Қытай консулдығы алдындағы наразылыққа 100 күн толған күні полиция бірнеше наразыны тағы ұстап әкетті. Бұл туралы оқиғадан хабардар азаматтардың бірі Алтынай Арасанқызы Азаттық тілшісіне хабарлады. Полиция әзірге жауап бермеді. Белсенділердің телефондары сөніп тұр. 


Алтынай Арасанқызының сөзіне қарағанда, 8 адам: Байболат Күнболатұлы, Гүлпия Қазыбек, Қалида Ақытқан, Гүлбаран Өмірлік, Нұрзат Ермекбай, Гүлнұр Қосдәулет, Жәмила Мәкен және Ақиқат Қалиолланы полиция наразылық орнынан ұстап әкеткен. Кейінірек олар өздерінің Медеу аудандық сотында отырғанын, телефондарын тартып алғанын хабарлаған. 


18 мамыр кешке қарай олар үстінен хаттама толтырылып, соты өтіп жатқаны хабарланды. Азаттық тілшісі әзірге тараптардан жауап ала алмады. 


Алматыда Қытай консулдығы алдында бір топ адам ақпаннан бері наразылық өткізіп, Шыңжаңдағы туыстарын қайтаруды талап етіп келеді. Осы уақыт аралығында олардың алдына консулдықтан ешкім шықпаған. 


Наразылардың кейбірі туыстарының Шыңжаңдағы "саяси қайта тәрбиелеу" лагерьлеріне қамалғанын айтса, кейбірі "негізсіз айыптармен" ұзақ жылға сотталғанын, бірі Қытай билігінің құжаттарын тартып алып, Қазақстанға жібермей жатқанын айтқан.


Өткен аптада Алматы соты наразылыққа қатысып жүрген 8 адамды әкімшілік жауапқа тартқан еді. Сот оларды "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деп кінәлі деп таныған. Ал наразылар әкімдікке митинг өткізу туралы өтініш берсе де, рұқсат ала алмағанын алға тартқан. АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Шыңжаңдағы туыстарына іздеу салған азаматтарға араша түсіп, "бейбіт жиын өткізгені үшін" қамамау қажеттігін атап өткен.



БҰҰ мен халықаралық зерттеушілер Қытай Шыңжаң өлкесінде миллионнан аса ұйғыр, қазақ, қырғыз және басқа да мұсылмандарды лагерьге қамады деп мәлімдеген. Құқық қорғаушылар жүздеген мың адамның діни рәсім жасағаны үшін немесе шетелдегі таныстарымен байланыс орнатқаны үшін негізсіз түрмеге қамалғанын айтқан. Пекин бұл әрекетін "терроризммен күрес", ал лагерьлерді "кәсіп меңгеру орны" деп атаған.
Халықаралық ұйымдар Пекинді Шыңжаңда түркітілді мұсылмандарды қудалағаны үшін айыптап, бірқатар батыс елдері Қытайға санкция салған. Құқық қорғау ұйымдары Қытайда негізсіз қамалғандар көбейгені жайлы ірі зерттеу де жариялаған. Ал Қытай батысты "елдік ішкі ісіне араласты" деп сынайды.




 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus