Добавить новость

Внук известного волгоградского футболиста стал игроком «Ротора»

Дилеры привезли недорогой 7-местный кроссовер от Toyota: новый Rush дешевле Geely Okavango

Инспектор предупредил о штрафах за неверное расположение авто на бесплатных парковках

Диетолог Стародубова: ужин должен быть легким и ранним, за 4 часа до сна

World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АҚШ-қа көшкен Тұрсынай, қымбаттаған жанармай, Covid екпесі және қырғыздың уқорғасыны

Азаттық тілшілері осы аптада да қоғамдағы маңызды оқиғаларды елеусіз қалдырмай, мақала мен видеорепортаждар әзірледі, тамыры терең жайылған әлеуметтік мәселелерді қозғады. Демалыс күні сайтымыздағы аптаның үздік жеті хикаясын назарларыңызға тағы бір мәрте ұсынамыз.


Қазақстан азаматтығын ала алмаған шыңжаңдық Тұрсынай АҚШ-тан саяси баспана сұрады

Шыңжаңдағы лагерьден қамаудан шыққан соң Қазақстанға келіп, азаматтық ала алмаған ұйғыр әйел Тұрсынай Зияудун қазір АҚШ-та тұрып жатыр. Ол осы елден саяси баспана сұраған. Тұрсынай Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстаннан не себепті кеткенін және Вашингтондағы өмірі жайлы айтып берді.


Азаттық: Қазақстан туралы қандай сезімдесіз?


Тұрсынай Зияудун: Мен Қазақстанды жақсы көрдім. Бес жыл тұрақты тұрдым. Кеңбайтақ дала, тынысың тарылмайды. Сондай әдемі. Бейішке теңейтін едім. Адамдары да кеңпейіл. Тамақтары да табиғи. Таза. Сүйсініп жейсің. Таудың үстінде болса да Қазақстанда өмір сүре берсем деп ойлайтынмын. Жаным да, тәнім де қазақ болып кеткен адам едім. Қытайда жүрген кезімде қазақ мектебінде оқыдым. Қазаққа күйеуге шықтым. АҚШ-қа келгеннен кейін негізгі сұхбаттарды ұйғыр тілінде беріп жүрмін. Сонда байқағаным, ана тілімді ұмытып қалыппын. Кейде Қазақстаннан күйеуім хабарласып, "сен ана сөзді ұйғырша қате айттың. Мына сөзің дұрыс емес" деп түзеп жатады. Маған ұйғыршадан көрі қазақ тілінде сұхбат беру оңай, жаныма жақын еді. Бірақ Қытай билігі Қазақстанда өмір сүруіме де мүмкіндік бермеді. Қазақстанға қысым жасады.


Сұхбаттың толық нұсқасы.




Алты баласы Шыңжаңда қалған қазақ отбасы

Алматы облысы Жамбыл ауданында тұратын қос қария алты перзентін көрмегелі бірнеше жыл болған. Оралманға берілетін 16 мың теңге жәрдемақыға күнелтетін қарттардың бар бала-шағасы Шыңжаңнан бері өте алмайды. Қос қария Шыңжаңдағы "саяси үйрену лагерінде" де отырып шыққан.




"Полициядан түңілдім". Өзін "алып қашқандарды" жауапқа тартқыза алмаған қыздың хикаясы

Алматы облысында тұратын 27 жастағы Аружанды (аты-жөні өтініші бойынша өзгертілді) былтыр шілдеде бейтаныс жігіттер алып қашпақ болады. Жол бойында жылап, төрт-бес жігітпен арпалысып тұрған қызды байқаған кездейсоқ куәгер полицияға қоңырау шалған соң әлгілер Аружанды қоя берген. Бойжеткен өзін күштеп алып қашпақ болған адамдарды жауапқа тартуды сұрап былтырдан бері қайта-қайта арызданып жүр. Бірақ полиция бұл оқиғадан "қылмыс құрамын" көрмей отыр. Азаттық Аружанның хикаясын сөзбе-сөз берді.




Жанармай неге қымбаттап жатыр?

Қазақстанда бір айда бензин бағасы шамамен он пайыз қымбаттады. Жанармай бағасының өсуі елдегі барлық қалада байқалды. Бұған жұрт наразы. Ал экономист мұның жалпы нарыққа әсері тиеді деп отыр.




Ауыл наразылығы қаланікіне жетіп қалды. Халықтың көңіл-күйі қалай өзгерді?

"Стратегия" орталығы әлеуметтік көңіл-күйді анықтау үшін халық арасында сауалнама жүргізген. Онда азаматтардан тұрмыстық жағдайы, билікке көзқарасы сұралған. Сауалнамада парламент сайлауының балама нәтижесі де бар. Орталық қызметкері Ернұр Молдашев Азаттыққа зерттеудің негізгі сандарын айтып берді.


Ернұр Молдашев: Осы жолғы зерттеуде әлеуметтік жағдайдың қатты өзгергенін аңғардық. 2021 жылдың бас жағында халықтың тұрмысы ауырлай бастаған. Мысалы "Әлеуметтік жағдайыңызды қалай бағалайсыз?" деген сұрақ "Тамақ алуға ақшамыз жетпейді; тамаққа жетеді, киімге жетпейді; киімге жетпейді, тұрмыстық техника ала алмаймыз; тұрмыстық техника аламыз, үй-мәшине ала алмаймыз" және "кез келген мүлікті сатып ала аламыз" деген жауаптардан тұрады. Осыған дейінгі зерттеулердің барлығында респондентттердің негізгі бөлігі өздерін "тамақ пен киім сатып алуға ақшамыз жетеді, тұрмыс техикасы қалтамызға ауырлау тиеді" дейтін санатқа қосатын. Бұл жағдай кейінгі 15 жылда айтарлықтай өзгермеген еді. Ал биылғы зерттеуде адамдардың 44 пайызы "киім алуға ақшамыз жетпейді" деп жауап берді. Мысалы бұл көрсеткіш 2009 жылы 15 пайыз, 2020 жылы 14 пайыз еді. Айырма өте үлкен.


Сұхбаттың толық нұсқасы.




Отандық вакцина егуге жарай ма? Екпелер жаңа штамдардан қорғай ма? Вирусолог сөйлейді

Вирусология және молекулалық биология жөнінен PhD Әсел Мұсабекова Азаттыққа берген сұхбатында "Сынақтың соңғы кезеңінен өтпеген, үш мың еріктінің арасында ғана сыналған қазақстандық QazCovid-in вакцинасын халыққа жаппай салу қауіпті емес пе?" деген сұраққа жауап берді.


Азаттық: Қазақстандық QazCovid-in вакцинасын сынаудың үшін кезеңі 2021 жылғы 9 шілдеде аяқталмақ. Бірақ екпені үшінші кезең аяқталмай жатып пайдаланайын деп отыр. Бұл қауіпті емес пе?


Әсел Мұсабекова: Бізге зерттеу нәтижелерінің жариялануын күту керек. QazCovid-in вакцинасы туралы көбірек ақпарат алғымыз келеді. Тым болмаса, клиникалық сынақтың бірінші және екінші кезең нәтижелері жариялануы тиіс. QazCovid-in екпесін әзірлеушілер Forbes Kazakhstan басылымына берген сұхбатында мақала жазуға уақыты жоғын айтқан. Бірақ ашығын айтсақ, бұл оларды ақтай алмайды. QazCovid-in вакцинасын ол туралы жеткілікті дерек жарияланғанын көрген кезде ғана қолдаймын.


Оның үстіне QazCovid-in екпесін сынаудың үшінші кезеңіне небәрі үш мың адам ғана қатысқанын ұмытпау керек. Pfizer, Moderna немесе "Спутник V" екпелерін сынаудың өткізудің үшінші кезеңіне 30 мыңнан астам адам қатысқан.


Сұхбаттың толық нұсқасы.




"Жақсы ғылым, нашар маркетинг". Ресейліктер "Спутник V" вакцинасына неге сенбейді?

Әлемдегі коронавирус инфекциясына қарсы қолдануға рұқсат етілген ең алғашқы вакцина – ресейлік "Спутник V" былтыр тамызда тіркелді. Кремль бұл оқиғаны зор жетістік деп бағалады. Бірақ маркетингке байланысты олқылықтар мен өндірістегі қиындықтар препараттың таралуына кедергі келтірді.


Толығырақ...




Қырғыздың жаңа конституциясы тағы бір толқуға әкеле ме?

Қырғызстанда жалпыұлттық референдумда президент құзыретін кеңейтетін даулы конституция мақұлданды. Түрмеден шыққан президент ұсынған, мандаты біткен депутаттар мақұлдаған, халық талқысына түспеген құжат қаншалық заңды? Жаңа конституция 16 жылда үш революция болған елде ұзаққа бара ма?


Мақаланың толық нұсқасы.




Демократия орнына ата-баба дәстүрі. Жаңа қырғыз конституциясының ерекшелігі қандай?

Жексенбі, 11 сәуір күні Қырғызстанда конституциялық референдум өтті. Билік ұсынған жаңа заң президент құзыретін кеңейтіп, премьер­-министр қызметін жоймақ. Заң жобасында "ұлттық құндылыққа" басымдық берілетіні айтылған. "Настоящее время" телеарнасы конституцияның ұсынылып отырған жобасын талдап, негізгі өзгерістерді шолып өтті.


 


Қазіргі конституцияның преамбуласында басты заңның "адам, оның өмірі, саулығы, құқықтары мен еркіндіктері жоғарғы құндылық саналатын еркін және тәуелсіз мемлекет құруға арналғаны" жазылған. Жаңа жобаның преамбуласынан бұл сөздерді таба алмайсыз.


Оның орнына "ата-баба дәстүріне сүйеніп, бірлік, бейбітшілік және келісімде, табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, Қайырымды Манас өсиеттеріне негізделе отырып..." деген жолдар пайда болған.


Толығырақ...


 




Жапаровтың уқорғасыны коронавирустан емдей ме? 300 сөзбен түсіндіреміз

Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев 16 сәуірдегі баспасөз мәслихатында журналистер алдында улы өсімдік уқорғасыннан (аконит) жасалған тұнбаны ішіп алып, оның үш күнде коронавирустан емдейтінін айтты. Қырғызстандағы дәрігерлердің көбі министрдің айтқанымен мүлде келіспейді және Covid-пен ауырғандарды өз бетінше емделмей, дәрігерге қаралуға шақырады.


Қырғыз министрінің айтуынша, коронавирустан уқорғасын тұнбасымен емделуге болатынын ел президенті Садыр Жапаров айтқан. "Оның тамырын қолданып, мөлшерін есептеуді" Жапаровқа әкесі үйреткен екен. Бейшеналиевтің айтуынша, Жапаров 2020 жылы наурызда сол кездегі президент Сооронбай Жээнбековке уқорғасынды түрлі дерттен, соның ішінде коронавирустан айығуға пайдалануға болатынын айтып, хат жазған.


Толығырақ...




Донбастағы тұрақсыз тыныштық. Шекара маңына шоғырланған Ресей әскері



Әлеуметтік желілерде жарияланған көптеген видеолар мен қолда бар деректерді талдау қорытындысы Ресейдің 2014 жылы аннексиялап алған Қырым түбегі мен Украинамен шекарасының бойына әскерін шоғырландырып жатқанын көрсетеді. Украинаның шығысында Ресейдің қолдауына сүйенген сепаратистер мен украин әскерилерін бөліп тұрған сызық бойында атыс жиілеп кетті.


Фотогалереяға өтіңіз.




 

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Бывший муж Волочковой отказался приходить на свадьбу дочери: во всем виновата нынешняя жена

«Дальполиметалл» будут выбивать из цепких рук бывшего депутата Госдумы

Магаданская область приняла участие в стратегической сессии центра «ШУМ»

Дмитрий Певцов возвращается на сцену «Ленкома»

Музыкальные новости

Генерал-лейтенант юстиции К.Е. Корпусов провел личный прием военнослужащих в Сакском военном клиническом санатории им. Н.И. Пирогова Минобороны России

Хаджимурат Гацалов расскажет о подготовке сборной России к Евро-2025

Свадебный марш продолжается! Второй сезон «Мендельсона» с Владимиром Сычёвым выходит на ТНТ

В честь 80-летия Победы в Великой Отечественной войне ветераны получат выплаты накануне праздника

Новости России

5-я бригада подняла флаги над Новоочеретоватым (ВИДЕО, КАРТА)

"Popcake": сыновья Орбакайте Дени и Никита разругались из-за отъезда из России

У станции метрополитена Юго–Западная, 22 апреля 2004 года, Москва

Более 2000 домашних животных можно будет увидеть на масштабном фестивале Зоофест 1 и 2 марта!

Экология в России и мире

Министр здравоохранения СК Ю.В. Литвинов провел личный прием граждан

Эвакуация кафедры психиатрии из Днепропетровска в Ставрополь в 1941 году

Патриотический концерт проведут в Ивановском

Медиадень Siberian Wellness в Marins Park Hotel Ростов

Спорт в России и мире

Даниил Медведев стал четвертьфиналистом турнира в Дохе

Путинцева сотворила сенсацию на турнире в Дубае

Рублёв обыграл Бублика и вышел во второй круг турнира ATP в Дохе

Рублёв вышел в 1/4 финала турнира ATP в Дохе

Moscow.media

BelkaCar и Station Hotels рассказали о самых популярных достопримечательностях Петербурга

Состоялась окружная конференция СРО НОПРИЗ, зарегистрированных на территории Дальневосточного федерального округа

В Екатеринбурге наградили юных звезд на благотворительном фестивале «Добрая волна»

ТСД SAOTRON RT41 GUN: практичный, производительный, надёжный











Топ новостей на этот час

Rss.plus






Магаданская область приняла участие в стратегической сессии центра «ШУМ»

Бывший муж Волочковой отказался приходить на свадьбу дочери: во всем виновата нынешняя жена

Дмитрий Певцов возвращается на сцену «Ленкома»

Дилеры привезли недорогой 7-местный кроссовер от Toyota: новый Rush дешевле Geely Okavango