Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ресей елшілігі алдында пикет өткізбек болып, жауапқа тартылған белсенді жоғарғы сотқа шағымданады

Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігі алдында жалғыз адамдық пикет өткізбек болып, әкімшілік жазаға тартылған қарағандылық белсенді, зейнеткер Айтқожа Фазылов сот шешіміне байланысты жоғарғы сотқа шағым түсіру үшін құжат әзірлеп жатыр. Ол 30 желтоқсанда апелляциялық соттан жеңілген. 


Желтоқсан айының ортасында белсенді Ресей думасы депутаттарының Қазақстан аумағы туралы айтқандарына наразылық білдіріп, Нұр-Сұлтандағы елшілік алдында пикет өткізбек болған. Алайда Нұр-Сұлтанға бара жатқан жолда ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Ізінше Әкімшілік кодекстің 488-бап 4-тармағы ("бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу") бойынша үстінен хаттама толтырылып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (139 мың теңгеге жуық) айыппұл салынған. 


Бірінші инстанциядағы соттың мәліметінше, Фазылов қаланың өзге де тұрғындарын бейбіт жиынға қатысуға шақырып, заңды бұзған. Ал Фазылов Ресей думасы депутаттарының айтқандарымен келіспейтінін көптің көзінше жеткізгісі келгенін, әлеуметтік желідегі хабарламасының бірінші кезекте ақпарат құралдарына арналғанын айтқан. 


Сот қаулысында Фазылов Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқару органына ескерту тапсырмай, осылайша "бейбіт жиын ұйымдастыру тәртібін бұзды" деп жазылған. Ал белсенді әкімдіктің Facebook-тағы аккаунтында ескерту қалдырғанын айтады. 


- Тез арада қимылдау қажет болды. Мен тарихи тұрғыда бұл дұрыс емес, [Ресей депутаттары] қателесіп тұр деп айтқым келген. Ресей депутаттардың сөзіне қарсы адамдар бар екенін көрсін дегенмін. Билікті бұл жөнінде хабардар еттім де, олар біледі. Сол себепті де мені ұстады. Айыппұл көлемі зейнетақымнан да көп. Әкімшілік сотқа тарту қазақстандықтардың патриоттық сезімін, туған елге, жерге деген махаббатын жояды. Себебі адамдар бәрібін одан түк шықпайды деп санай бастайды. Тоқаевтың өзі жария түрде тойтарыс беру керек деп айтты емес пе. Менің де солай істегім келген. Енді міне, не істеп отырғанын көріп отырсыздар, - деді Айтқожа Фазылов Азаттық тілшісіне. 


Ресей мемлекеттік думасының білім және ғылым комитетінің жетекшісі, биліктегі "Единая Россия" партиясы фракциясының мүшесі Вячеслав Никонов 10 желтоқсанда ресейлік "Первый канал" телеарнасындағы "Большая игра" бағдарламасында "Қазақстан аумағы – Ресейдің Қазақстанға берген үлкен сыйы" деп мәлімдеген. Ізінше мемлекеттік дума депутаты Евгений Федоров "Қазақстанмен біртұтас мемлекетті қалпына келтіру" туралы айтқан. Бұл қоғамда қызу талқыланып, ізінше Қазақстан СІМ Ресейдің уақытша өкіліне нота тапсырғанын хабарлаған. 


Кейбір қазақстандық сарапшылар мұндай сөз тегін айтылған жоқ, артында үлкен күштер тұр деп санайды.




 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus