Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қырғызстан Қытай алдындағы қарызын шикізатпен өтеу мәселесін қарастырып жатыр

Қырғызстан президенті міндетін атқарушы премьер-министр Садыр Жапаров 12 қараша күнгі баспасөз мәслихаты кезінде Бішкек Қытайға Нарын облысындағы Жетім-Тау кенішін беріп, қарызынан құтылады деген ақпаратты жоққа шығарды. 


Оның сөзіне қарағанда, Қытайға осы кеніш шикізатын беріп, қарыздан құтылу мәселесі талқыланған.   


"Қарыздан құтылу амалдарын іздестіріп жатырмыз. Ол бар және оны табамыз да. Ал кенішті беру туралы ақпараттың бәрі - сыбыс. Бұл кеніште 5 млрд тоннадан астам темір бар, бұл дегеніңіз шамамен 50 млрд доллар. Қарызды шикізатпен өтеу жолын талқылағанбыз. Бұл нұсқа әлі де қарастырылып жатыр. Егер шикізатпен өтесек, 1 жылда шамамен 1 млрд доллардан құтыла аламыз" деді Жапаров. 


3 қарашада жергілікті телеарналардың біріне сұхбат берген Садыр Жапаров "мемлекет қарызын табиғи ресурстардың көмегімен төлеуге болады" деп мәлімдеген. 


Қырғызстан әр жылдары түрлі мемлекеттер мен ұйымдардан 200-ден астам несие алған. Олардың 98 пайыздан астамы 0,75-2 пайыздық мөлшерлемемен алынған, өтеу мерзімі 40 жылға дейін созылады. 


Қарыздың 42,5 пайызы немесе 1,8 млрд доллар Қытай экспорт-импорт банкінің ("Эксимбанк") үлесінде.


Осыған дейін Қырғызстан несие төлемін кейінге шегеруді сұрағанмен Қытайдың одан бас тартқаны хабарланған еді. 




 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus