Қазақстан Республикасы – Ұлы Даламыздың өткен мыңжылдықтары белестеріндегі әлем өркениеті кеңістігінде өмір сүрген көрнекті мемлекеттердің (Ғұн империясы – б.з.б. III ғ. – б.з. I ғ.; Түрік қағандықтары – 552-704 жж.; Алтын Орда – 1243–1503 жж.; Қазақ хандығы – 1465–1847 жж.) – тарихи мұрагері. Алтын Орда – Шыңғыс хан империясының құрамындағы қазақ және басқа да түркі тілдес халықтардың бірігуімен құрылған түркі империясы. Шыңғыс ханның немересі Жошыұлы Бату Сайын хан басқарған кезеңде (1227–1255жж.) Алтын Орда империясының кең-байтақ кеңістігінде Ресей Князьдіктері, Мәскеу қаласы, Киев Русі, Балтық теңізінің шығысындағы өңірлер, Польша, Мажарстан елдері, олардың қалалары Краков, Бреслау, Будапешт, Орталық Еуропа, Тракия жерлері, Австрия, Чехия,...