Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Толқуды басудың 3 әдісі

Барлық адамдар кейде толқиды және ол жиі қолайсыз уақытта келеді. Әсіресе, сабырлы көрінетін жерлерде ол жөнсіз орын алады. Мысалы, емтихан тапсырарда немесе маңызды кездесуге барарда толқи бастайсыз. Сондықтан, толқу мен абыржуды жылдам кетіретін әдістерді білген артық етпейді.

1-әдіс. Ішпен демалу

Йога мектептерінде тыныс алу тәжірибесі ең қарапайым әрі маңыздысы екендігі бекерге емес. Өкпенің төменгі бөлігімен тыныс алу кезінде көкет құрсақ қуысындағы барлық мүшелерге табиғи түрде массаж жасайды, энергетикалық орталықты ынталандырады, жүрек қызметін жақсартады. Йогада мұндай демалуды «тандеммен тыныс алу» деп атайды.  Оны отырып, жатып және тұрып жасауға болады. Ол үшін іш бұлшықеттерін қозғалта бастап, мұрныңызбен баяу ауа алыңыз, ойдан 5-ке дейін санап, ары қарай деміңізді ұстаңыз. Қайтадан 5-ке дейін санап, ауызбен жайлап ауаны шығарыңыз. Ауаны шығару жұтқанға қарағанда ұзағырақ болуы мүмкін. Тынышталу үшін жаттығуды 3-5 рет қайталаңыз.

2-әдіс. Күлкі

Өзіңізде күлкі ұстамасын тудырыңыз. Мысалы, күлкілі жағдайды есіңізге түсіріңіз. Мүмкіндік болса, әрқашан сізді күлдіре алатын досыңызға телефон шалыңыз. Себебі күлу кезінде бақыт пен рақаттану гормоны бөлінетіні дәлелденген. Соның нәтижесінде жүрек қызметі реттеледі, зат алмасу жақсарады, қандағы күйзеліс гормоны азаяды.

3-әдіс. Құлақ қалқаны массажы

Құлақ қалқанында түрлі ауруларды емдеуге болатын түрлі биологиялық  белсенді нүктелер бар. Тіпті, құлақтың нүктелі массажымен айналыспай-ақ, жай алақаныңызбен құлағыңызға бірнеше минут массаж жасаудың өзі керемет нәтиже береді. Мұндай массаж толқуды басып, тыныштануға көмектеседі.

massaget.kz

Сообщение Толқуды басудың 3 әдісі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus