Туған жерін сүйе алмауы дегеніміз, меніңше адам баласы дүниеге шыр етіп түскен жерінен бастап, өсіп- өнген, жүрген ортасын ұмытып, туған елін, өзі жетіліп толғандай болған адами қасиеттен жұрдай адамдарды айтуымызға болады. Нақтырақ айтсақ, өз елін ұмытып қана қоймай, тілін, дінін, салт- дәстүрімен әдет- ғұрпын, халықтық дәстүрге сай ырым- жоралғыларын білмейді.Сондай адамдардан өз Отанына жаны ашымай, ұлтараздықты қоздырып , іріткі салатын ойларды айту –адамдық іс емес екенін айта аламыз. «Елінен безіп, елсізде өлгеннің, екі көзін қарға шұқиды» - демекші, белгісіз бір себептермен адасып, елін сатқан адамдар өзге елдерде де өмір сүре алмай ,өз қателіктерінен опық жеп жатқандар қаншама? Екі көзін қарға ...