Бит бизнесі
(Әзіл әңгіме)
Бизнес десе, оны білмейтін адам жоқ шығар. Өйткені, бұл сөз қазаққа баяғыдан белгілі. Ол — кәдімгі «сауда» деген сөз. Иә, ол кезде, то есть, бұрынғы кездегі «сауда», «саудагер» деген сөз бүгінде тонын айналдырып, «бизнес», «бизнесмен» болып шыға келген. Демек, Абайша айтқанда: «есектің артын жу — мал тап» деген сөзге саяды. Сондықтан, кім кімді алдайды, кім кімді арбайды, арын сатып, жанын жалдайды, әйтеуір ақша тапса болы, сол бизнес немесе бизнесмен.
Ақша тапқанда да қалай табады? «Ән айтқан адам тек айтпайды, жанын жеп айтады» деген бар емес пе? Сол секілді, бизнесмен ақша табу үшін, әрине, біреуді алдайды, біреуді арбайды, керек...