Тура бетке айтамын
Несін жасырайын, менің әдетім — тура бетке айтамын. Қырықтан асып кетсем де, әлі күнге дейін күйеуге шыққаным жоқ. Несін жасырайын, тура бетке айтамын, әлі күнге дейін қызбын. Баяғыда қыз бала жасы жиырмадан асып кетсе, «кәрі қыз» деп күлуші еді. Қазір заман басқа, тіпті елуге келсең де, «кәрі қыз» деп ешкім саған күлмейді. Я, кімнің кімде жұмысы болсын, күн көрістің қамымен әркім өз бетінше жүріп жатыр емес пе?
Қойшы, мен негізгі тақырыптан ауытқып бара жатыр екенмін. Несін жасырайын, тура бетке айтамын, жалғыз емеспін, қасымда 10 жасқа келіп қалған бір ұлым бар, әп-әдемі болып өсіп келеді. Несін жасырайын, оның әкесінің кім екенін...