НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігінің көші-қон комитеті көптеген мемлекеттер балада жеке төлқұжат болуын талап ететінін мәлімдеді. Сондықтан, шетелге шығар алдында әр балада жеке құжатының болуын пысықтап алу қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.