НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 шілде күні Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында жүзуден жарыс басталды. Бірінші жарыс күнінде команда көшбасшысы Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпиадасының нормативін орындады, деп хабарлайды Olympic.kz.