Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тұрар Рысқұлов ауданында «Ат спорты ойындары» алаңын жасақтау жоспарлануда

Тұрар Рысқұлов ауданында «Ат спорты ойындары» алаңын жасақтау жоспарлануда. Жоба Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында демеушілер мен ірі кәсіпкерлер есебінен орын алмақ. Бұл туралы  ӨКҚ  алаңында Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбек Әшімалыұлы баспасөз конференциясында айтты, – деп хабарлайды  “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Сондай-ақ, өткен жылы аудандық жобалық офиспен «Білім және тәрбие», «Рухани қазына», «Атамекен» кіші бағдарламалар бойынша 10 жоба енгізіліп, жобалардың жалпы құны 367 миллион 400 мың теңгені құрады.

Ал «Туған жер» жобасы аясында меценат, «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаев өз қаражатына заманауи үлгідегі 92 орындық балабақша соғып, коммуналдық меншікке берді. Қазіргі таңда қожалық басшысы Д.Қонаев ауылынан өз қаражатына 60 орынды балабақша соғып беруге міндеттеме алып отыр. «Жаңарған ауыл» жобасына Т.Рысқұлов ауданынан Жарлысу ауылы енгізіліп, меморандумға қол қойылды.

Бұған қоса, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында ортағасырлық қалалар Құлан, Өрнек тарихи-мәдени ескерткіштері ЮНЕСКО тарапынан әлемдік мәдени мұралар тізіліміне енгізілген. Ауданның «Киелі жерлер картасы» жасақталып, киелі және тарихи маңызы бар орындар туралы көпшілікке таныстырылуда.

Алдағы уақытта қоғам қайраткері Азаматхан Әміртай жастарға арналған «Спорт кешені» ғимаратын салуды жоспарлануда. Тағы айта кетерлігі,  «Т.Рысқұлов ауданының киелі жерлері» туристік маршрутымен өлке тарихын насихаттау, ауылдық округтерде демеушілер мен меценаттар есебінен жастар демалатын мәдени-көпшілік орындарды жабдықтау, «Футбол алаңдары» арнайы орнын жабдықтау сынды жобалар қолға алынуда.

Сообщение Тұрар Рысқұлов ауданында «Ат спорты ойындары» алаңын жасақтау жоспарлануда появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus