Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Игілікті жоспар

Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев «билік халық алдында берген уәделерін орындауға міндетті, сондықтан сайлауалды платформаны жүзеге асырудың нақты жоспары әзірленетінін» айтқан болатын.

Міне, сайлаудан кейінгі 10 күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №27 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасы және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітіліп отыр.

Сабақтастық, әділдік, өрлеу бөлімдерінен тұратын іс-шаралар жоспары Президенттің сайлауалды бағдарламасында баяндалған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жөніндегі барлық міндеттердің нақты орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Көп векторлы, теңдестірілген сыртқы саясатты қамтамасыз ету жөніндегі Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жолын жалғастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасы қабылданатын болады.

Білімді ұлт: барлығы үшін білім берудің заманауи стандарттары дайындалатын болады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, білім және ғылым жүйесіне арналған шығыстар ұлғайтылады. Неғұрлым талап етілетін бағыттар бойынша кадрлар даярлау үшін жоғары,

техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын кешенді жаңарту қамтамасыз етіледі.

Қосымша әлеуметтік кепілдіктерді, жүктемені төмендету мен есептілікті қысқартуды көздейтін нормалар енгізілетін «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы қабылданады.

20 жоғары оқу орны мен 180 мемлекеттік колледжді жаңғырту, неғұрлым талап етілетін мамандықтар бойынша кадрлар даярлаудың қазіргі заманғы бағдарламаларын енгізу, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бойынша шараларды қамтитын «Жас маман» жобасын іске асыру жөніндегі қағидаларды бекітіледі.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін кемінде 40 мың жалдамалы пәтер пайдалануға беріліп, Нұрсұлтан, Алматы, және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін үш жыл ішінде кемінде бір мың жалдамалы пәтер іске қосылатын болады.

Баса мән берілетін 10 маңызды бағыттар іске асырылатын іс-қимыл жоспары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған мемлекеттік биліктің күшті, өкілетті Президент, ықпалды, әрекетке қабілетті Парламент, халыққа есеп беретін Үкімет формуласының шын мәнінде жүзеге асырыла бастағанын көрсетеді.

Орынбаева Жанар Рымбековна

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры,

Тараз қалалық мәслихатының депутаты

Сообщение Игілікті жоспар появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus