Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Игілік баршаға!

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап халықаралық аренада Қазақстанның мүддесін қорғап, біздің дипломатиялық қызметімізді дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарып, кезектен тыс ҚР Президенттігіне үміткер болып, сайлауда айқын басымдылықпен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Кемелұлы сайлауалды бағдарламасын іске асыруды бастады.

Сайлауалды бағдарлама негізгі 3 бөлімнен, яғни Сабақтастық, Өрлеу, Әділдік тұрды. Сондай-ақ «Бірге» жалпыұлттық акциясы аясында халық өздерінің арыз-тілектерін тікелей президентке жіберуге мүмкіндік алды.

Қ. Тоқаевтың пікірінше, біздің бірінші кезектегі міндетіміз – қол жеткізген жетістіктерімізді жоғалтпау. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері орасан зор. Олардың барлығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

Елбасының басшылығымен Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы әзірленді. Еліміз өзгерістерге бағыт алды, біз қоғам өмірінің барлық салаларын ауқымды жаңғырта бастадық.

Тұңғыш Президент бағытының ел дамуының жаңа кезеңіндегі сабақтастығы, барлық бағдарламалар мен бастамаларды мүлтіксіз тиімді жүзеге асыру – мемлекетіміздің одан әрі дамуын қамтамасыз етеді.

Халықтың бірлігі, барлық азаматтардың әл-ауқаты, рухани дамуы мен бейбіт сыртқы саясаты Қазақстанның басты құндылықтары болып қала береді.

Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы күннен бастап тәуелсіз Қазақстанды әділ әлеуметтік мемлекет ретінде құрды. Әділдік – біздің мемлекеттілігіміздің берік іргетасы. Қ.Тоқаевтың пікірінше, біздің еліміздің жетістіктері мен экономикалық өсудің нәтижелерін әркім сезінуі тиіс. Игілік баршаға! Әділдік қағидасын Қ. Тоқаев дәл осылай түсінеді.

Барлық азаматтар үшін бірдей бастапқы мүмкіндіктер, жаңа жұмыс орындарын құру, отандық бизнесті қолдау, ауылды дамыту, үздік білім беру мен денсаулық сақтауды қамтамасыз ету Қ. Тоқаев жұмысының басты басымдықтары болып қала бермек.

Қ. К. Тоқаевтың айтуынша, еліміздің одан әрі табысы мен әл-ауқаты барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі мен қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етілген жағдайда ғана мүмкін болады.

Мемлекеттік органдардың өмірлік қиын жағдайда жүрген әйелдерді, балаларды, отбасыларды, ерекше қажеттіліктері бар жандарды, зейнеткерлерді қолдау және қорғау жөніндегі белсенді жұмысы күшейтілуі және азаматтардың осы санаттарының өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға ықпал етуі тиіс. Мұның барлығы алдағы атқарылатын жұмыс.

Әлем өзгерді, біз де өзгердік, алайда басты басымдықтар тұрақтылық пен тыныштықты сақтау болып қала береді. Біздің алдымызда дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеті тұр. Бұған қол жеткізу үшін біз даму қарқынын сақтауымыз қажет. Біздің еліміз қазіргі заманның сын-қатерлері мен сұраныстарына жауап беруге қабілетті болуы тиіс. Ол үшін бізге жасампаз

әрімәнді өзгерістер қажет. Сондықатан сабақтастықпен алға өрлеп, әділдік арқылы игілікке қол жеткізу үшін барлығымыз бірге болуымыз керек.

Тараз қалалық қоғамдық Кеңестің

төрағасы Қаржаубай Бекболатов

Сообщение Игілік баршаға! появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus