Рыбакина WTA Finals турнирінде жеңіске жетті. Жеңісі үшін 5,2 млн$ алады
Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA Finals турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы (Беларусь) 6:3, 7:6 есебімен жеңді. Финалда Соболенко фаворит саналған еді. Бірақ матч барысында Рыбакина (әлемнің 6-ракеткасы) Соболенкоға мүмкіндік бермей, эйс пен брейк саны бойынша, бірінші доп асыру, екінші доп асыру жағынан да алда болды. WTA Finals – жыл бойы ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз теннисші ғана қатысатын жылдың қорытынды жарысы. Читать дальше...