Алғаш рет адамдардың түрлі-түсті рентген суреті жарияланды
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Жаңазеландиялық ғалымдар әлемде алғаш рет адамның үш өлшемді түрлі-түсті рентген кескінін түсірді. Бұған Еуропа ядролық зерттеулер орталығында (CERN) әзірленген Medipix3 сенсорлық микросхемасының арқасында қол жеткізілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» меншікті тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.