Орталық Азияның бірыңғай визасы келесі жылы іске қосылады
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан келесі жылдың басында Silk visa ортақ қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы тілшілермен кездесу барысында Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік туризм комитеті төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Ұлықбек Қасымқожаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.