Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Заңгер "митингіге рұқсат етпеген" әкімдікті сотқа берді

Желтоқсанның 19-ы күні Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық сотында заңгер Антон Фабрыйдың шағымы бойынша Астана қаласы әкімдігінің митинг өткізуге рұқсат бермеу туралы қаулысына қатысты сот тыңдауы басталды. Судья Қымбат Алпысбаева Азаттық тілшісіне өзін және процесске қатысып отырған Сарыарқа аудандық прокурор көмекшісі  Айдана Нұртазанованы суретке түсіруге тыйым салды.


Заңгер Антон Фабрый отырыста соттан Астана қаласы әкімдігінің тамыздың 30-ы күнгі "Конституцияның мемлекет пен қоғамдағы рөлі" тақырыбында митинг өткізуге рұқсат бермеу қаулысын заңсыз деп тануды сұрады. Алайда судья жауапкер жақ - Астана қаласы әкімдігінен ешкім келмегендіктен сот тыңдауының 25 желтоқсанда жалғасатынын хабарлады.


Сот тыңдауынан соң Азаттық тілшісіне шағым беру себебін түсіндірген заңгер елдегі негізгі заң - Конституцияның өзі бұрмаланып жазылып, халық емес, билікке қызмет етіп отырғанына налыды. Жауапкер жақтан жауап алудың сәті түспеді.


Антон Фабрый 16 желтоқсанда Конституцияның мәні туралы тағы да митинг өткізуге арыз берген. Ал Астана қаласы әкімдігі Фабрый сұраған Кенесары көшесінде Астана концерт залының алдындағы алаңда "жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жүріп, мұз қалашықтарының салынып жатқанын" хабарлаған. Антон Фабрый дәл осындай жауапты тамыз айында да алғанын, онда "бұл алаңда жөндеу жұмыстары жүретіні жазылған еді" дейді. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жиын өткізетін орынға рұқсат алу қиын

Бұған дейін Қазақстанның түрлі қалаларында бірнеше азамат митинг өткізуге рұқсат бермегені үшін жергілікті әкімдіктерді сотқа берген. Қыркүйек айында дәл осындай себеппен Алматы әкімдігін сотқа берген алматылық Әлнұр Ильяшевтің шағымын сот қанағаттандырмай тастаған. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus