Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ресей "алауыздық тудыру" бабын жұмсартады

Ресейдің мемлекеттік думасы қылмыстық кодекстегі 282-ші бап - "алауыздық тудыру" бабын жартылай декриминализация жасауға мүмкіндік беретін заңға түзетулерді үшінші оқылымда мақұлдады деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. 


Жаңа түзетулерге сәйкес, интернетте "араздық тудырды" деп бірінші рет айыпталғандар әкімшілік жазаға тартылады. Егер ол азамат бұл әрекетін бір жылдың ішінде қайталаса ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Елдегі бірқатар құқық қорғаушылар мен белсенділер интернетте “алауыздық тудырған” жазба авторларын аса қатты жазаламауды сұрап келеді. Оған қатысты Ресей қалаларында наразылық шаралары да болған.


БҰҰ адам құқығы кеңесінде қылмыстық кодекстегі 282-ші бап бойынша қылмыстық жазаны алып тастап, тек күш қолданған жағдайда ғана қатаң жаза қолдануға кеңес берген.


Оқи отырыңыз: "Путинді сынаған" Ақтөбе тұрғыны түрмеден босады

2017 жылы Ресейде әлеуметтік желідегі репостар мен лайктары үшін 461 адам жазаға тартылған. 7 маусымда тікелей эфир кезінде Ресей президенті Владимир Путин бұған қатысты мәселені “сорақылыққа жеткізбеу” керектігін айтқан.


Қылмыстық бап жұмсарса, бұған дейін қабылданған сот үкімдері қайта қаралады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus