Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қарағанды соты әкімдік үстінен арызданған белсендінің шағымын қайта қарайды

Қарағанды облыстық соты желтоқсанның 19-ы күні азаматтық белсенді Әлия Садырбаеваның Қарағанды қаласының әкімі мен әкімдігіне қарсы берген шағымын қарап, бұған дейінгі аудандық соттың анықтамасын терістеді және "істі бірінші инстанцияда қарау керек" деп шешім шығарды.


Садырбаева әкім мен әкімдіктің үстінен "олардың пикетке шығуыма рұқсат бермеуі заңсыз" деп сотқа арыз түсірген. Бірақ аудандық сот оның шағымын қарамай қойған еді.  


Садырбаева бір адамдық пикетке шығуға рұқсат беруді сұрап, әкімдікке 25 қыркүйекте өтініш тапсырған. Тұрғын пикетін 6 қазанда ұйымдастырып, "үкіметтің отставкаға кетуін" талап етпек болған. Бірақ қала әкімі Нұрлан Әубәкіровтің атынан пикетке рұқсат берілмейтіні туралы жауап қазан айының басында келген. Хатта "облыстық әкімдіктің алдында пикет өткізуге болмайтыны және қандай да бір акция өткізген жағдайда әкімшілік жауапқа тартылатыны" айтылған.


Жергілікті биліктің сөзінше, "үкіметті отставка кетіруге қатысты шешім қабылдайтын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар Қарағандыда болмағандықтан, мұндай талаппен пикет өткізу жөнсіз".


Садырбаева әкім мен әкімдікті сотқа берген. Қарағандының Қазыбек би аудандық соты арызды қабылдап алған. Бірақ кейін "іс қаралуы үшін талапкер тарабы сотқа дейін дауды шешу тәртібін сақтап", жоғары органға (бұл жағдайда - Қарағанды облысының әкімдігіне), я лауазымы бір саты жоғары тұлғаға (Қарағанды облысының әкіміне) шағымдануы керек" деп, шағымды қараусыз қалдырған. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus