Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Economist журналы Арменияны "жыл мемлекеті" деп атады

Economist журналы Арменияны "жыл мемлекеті" деп атап, елдегі биліктің бейбіт ауысуына жетелеген халық толқуынан соң Оңтүстік Кавказ халқының ”демократия мен жаңаруға мүмкіндігі бар” деп жазды.


Арменияда "жемқорлық пен біліксіздіктен халық жерінген шақта" жемқорлық тақырыбында жазатын бұрынғы журналист, премьер-министр міндетін атқарушы Никол Пашинян "билікке заңды және ашық түрде келді" деп жазды Лондонда шоғырланған британдық журнал 18 желтоқсанда.


Көктем айларында Арменияда мыңдаған азамат билікте ұзақ жыл отырған бұрынғы президент Серж Саргсянның премьер-министр болып сайлануына қарсы жаппай наразылыққа шығып, ақырында Саргсян отставкаға кеткен. Парламентте Арменияның республикалық партиясы көпшілік болып отырғанына қарамастан мамыр айында Никол Пашинян премьер-министр болып сайланған. Оның "Менің қадамым" блогы 9 желтоқсанда өткен парламент сайлауында 70 пайыздан астам дауыс жинап, жеңіп шықты. Ал бұрынғы билік партиясы парламентке өту межесінен аса алмады. 


Қарай отырыңыз: Армениядағы парламент сайлауы (10 желтоқсан 2018 жыл)







Армения халқының "путиншіл басшыны қуып, саяси науқанға Ресейдің араласуына мүмкіндік бермегенін" жазған журнал "мазасыз аймақтағы көне әрі ұтымды басқаруды қажетсінген халықтың демократия мен жаңаруға мүмкіндігі бар" деп жазды. Алайда Арменияның Әзербайжанмен таулы Қарабахқа қатысты "күрделі территориялық дауы" әлі шешілмегенін атап өтіп, кикілжің қайта тұтануы мүмкін екенін жазған.


Economist журналы 2013 жылдан бері "жыл мемлекетін" атап келеді. Бұл атақ соңғы 12 айда ілгері жылжыған елге беріледі. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus