Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

BBC: Роскомнадзор сайттарды бұғаттайтын жаңа технология үшін 20 млрд рубль жұмсайды

Ресейлік Роскомнадзор 2019 жылдан бастап Telegram сияқты елде тыйым салынған сервистер мен сайттарды бұғаттау үшін жаңа технология қолдануды жоспарлап отыр. Оған мемлекет қаржысынан 20 миллиард рубль жұмсалуы мүмкін деп жазды BBC сайты құпия ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.


“Пакетті терең зерттейтін” технологияның провайдер арқылы өтетін барлық ақпаратты сараптауға мүмкіндігі бар. Жүйе белгілі бір сайттар мен сервистерге тән арнайы "пакеттерді" тауып, бұғаттайды. Технология сынақтан өтіп те үлгерген. Ресейлік телекоммуникация саласындағы компаниялардың бірінде өткен сынаққа ФСБ, цифрлық даму бойынша министрлік, Роскомнадзор өкілдері қатысқан. Сынақ қараша мен желтоқсан айларында Ресейдегі орталыққа жақын миллионнан астам тұрғыны бар қалада жасалған.


Мемлекет жаңа жүйеге жабдықтарды бюджет есебінен сатып алуды көздеп отыр және ресейлік операторларға тегін берілуі мүмкін.


14 желтоқсанда мемлекеттік думаға шетелдік серверлерге жол жабылған жағдайда ресейлік интернет сегментінде автономды түрде жұмыс істеу туралы заң жобасы түскен. Құжатта белгілі бір трафиктің қайдан шыққанын анықтайтын арнайы техникалық құралдар жайлы айтылған. Қажет кезде бұл құралдар тыйым салынған ресурстарды бұғаттай алады.


Оқи отырыңыз: БАҚ: Ресейлік хакерлер АҚШ-қа қарсы шабуыл жасаған

Роскомнадзор сәуір айында Федералдық қауіпсіздік қызметіне қолданушылар хат-хабарын шифрлау кілтін беруден бас тартқаны үшін Telegram мессенджерін сот шешімі бойынша бұғаттаған. Мессенджер билік салған бұғатты айналып өту үшін америкалық Amazon және Google компанияларының серверлерін пайдалана бастаған соң, Роскомнадзор оларға кіруге шектеу енгізген. Соның салдарынан интернеттегі 20 миллионға жуық мекен-жай бұғатталып қалған. Бұдан өзге, Роскомнадзор бұғаттан айналып өтуге мүмкіндік беретін 80 VPN мен прокси сервердің бұғатталғанын мәлімдеген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus