Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұлттық экономика министрі ортақ электронды валютаға қарсы екенін айтты

Қазақстанның ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Еуразия экономикалық одағы аумағында ортақ электронды валюта енгізу ұсынысын қолдамайтынын айтты.


"Бұл жеке ұстанымым, саясаткер ретінде де ұстанымым осындай. Менің ойымша, ұлттық валюта әнұран, ту, елтаңба сияқты егемендігіміздің белгісі. Біз оны қорғап, дамытып, сақтауымыз керек. Қандай да бір квази-, прокси валюталар мен соған ұқсас нәрселерге жол бермеуіміз керек" деді министр 19 желтоқсанда парламент отырысынан кейін ақпарат құралдарына.


Сүлейменовтың айтуынша, одақ аумағында ортақ валюта енгізуге қатысты Ресей ресми түрде ұсыныс жасамаған.


“Ресейдің ұлттық төлем одағы бұл ұсынысты талқылап жатыр. Оларда мұндай бірнеше ұсыныс бар, бірақ ЕАЭО-ның ортақ электронды валютасын шығару Ресейдің ресми ұсынысы емес. Қазақстандағы кез келген қаржыгер қауымдастығы да осылайша ұсыныс жасай алады” деді Сүлейменов.


Бұған дейін одақ аумағында ортақ электронды валюта енгізу туралы ұсынысты ресейлік “Ұлттық төлем одағы” қауымдастығы айтқан. “Ұлттық төлем одағы” қауымдастының өкілі Андрей Лисицын трансшекаралық төлемдерді дамытуда кедергілер барын айтқан.


Өткен аптада ресейлік БАҚ Ресей қаржы министрлігінің қауымдастық ұсынысын қолдағанын хабарлаған. ЕАЭО құрамына Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения кіреді.


Қарай отырыңыз: ЕАЭО экономикадан бөлек салаға бет бұра ма?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus