Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Өзбек оппозиционері Интерполдың "қара тізімінен" шығарылды

“Өзбекстанның халық қозғалысы” және “Эрк” партиясының жетекшісі Мухаммад Салих Интерпол іздеу жариялаған азаматтардың тізімінен алынып тасталды. Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, Интерпол өкілдері бұл ақпаратты Норвегиядағы Салихтың адвокаты Тронд Улсен Нассаға 9 қараша күні айтқан. 


2001 жылы Мухаммад Салихты Интерпол Өзбекстан билігінің өтінішімен Прага әуежайынан ұстаған. Алайда істің саяси астары барына көзі жеткен Прага соты өзбек билігінің Салихты Өзбекстанға қайтару туралы сұранысын қанағаттандырмай тастады. Оппозиционердің өзін қамаудан босатты.


2008 жылы өзбек саясаткері Швециядан Лондонға ұшып бара жатқан жерінен тағы бір рет ұсталған. Қазір Түркияда тұрып жатқан 68 жастағы ақын әрі оппозициялық саясаткер Мухаммад Салих 1989 жылы Өзбекстанда “Эрк” (Ерік) демократиялық партиясын құрған. 1991 жылы елдегі бірінші президент сайлауына қатысып, Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың саяси бәсекелесі атанды. Ресми дерек бойынша, ол сайлаушылардың 12,7 пайыз даусына ие болған. Әйткенмен Өзбекстанның Өзбек қызметі сайлауда 33 пайыз дауыс алғанын хабарлады. Ал тәуелсіз бақылаушылар сайлаушылардың басым даусына ие болғанын мәлімдеді. Сайлаудан кейін Салихты қолдап, наразылық жасаған студенттер оққа ұшты. Оппозициялық газеттер жабылды. Оппозиция жетекшілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. 1993 жылы Салих Өзбекстаннан кетуге мәжбүр болды.


2000 жылы қараша айында Өзбекстанның жоғары соты Салихты "Өзбекстанның конституциялық құрылымына қол сұқты" және тағы да өзге ауыр айыптар бойынша кінәлі деп тауып, сырттай 15,5 жылға соттады.  Бұған қоса, 1999 жылы ақпан айында Ташкентте болған жарылыстарды жасады деп айып тақты.


Шавкат Мирзияев билікке келген соң өзбек билігі оппозицияға көзқарасын жұмсартты. Түрмеден бірқатар саяси тұтқындарды босатты. Олардың арасында Салихтың інісі де бар.


2018 жылы ақпан айында Өзбекстандағы бірқатар зиялы қауым өкілдері Мирзияевқа Салихтың еліне оралуына жағдай жасау туралы өтініш жасады. Алайда Ташкент интеллигенцияның бұл өтінішін жауапсыз қалдырды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus