40 жылға жуық Венгрияда тұрып жатқан этникалық қазақ Оңайша Мандоки ондаған жыл бойы жергілікті тұрғындарға қазақ тілін үйретіп келеді. Лакителек халық институтында қазақ тілін оқытатын маман Азаттыққа Шығыс Еуропаға қоныстану себебі, Венгриядағы қазақтар және тіл үйрету тәсілдері туралы әңгімеледі.