Жылуға төленген ақшаның бір бөлігі халыққа қайтарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері Қазақстанның барлық өңірінде жылу құнын қайта есептеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.