Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АҚШ Конгрессі "Ресейдің килігуін" тергеу құжаттарын талап етті

АҚШ Конгрессінің өкілдер палатасы Әділет министрлігінен 6 шілдеге дейін Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуін және президент Дональд Трамптың сайлауалды штабының Ресеймен ықтимал байланысын тергеу құжаттарын тапсыруды талап етті.


Конгрессте құжатты талап ету жайын дауысқа салу бас прокурордың орынбасары Род Розенстайн мен Федералдық тергеу бюросының директоры Кристофер Рей қатысқан тыңдаудан соң өткізілді. Құжаттың тапсырылуын республикашылдар қолдап, демократтар қарсы дауыс берді.


Республикашылдар әділет министрлігін 2016 жылы Трамптың сайлауалды штабын аңду іздерін жасырмақ болды деп айыптайды. Трамп бұған дейін аңду өзіне дейінгі президент Барак Обаманың тапсырмасымен жасалғанын бірнеше рет мәлімдеген.


Егер құжат кесімді мерзімде тапсырылмаса, республикашылдар конгрессте Розенстайнға импичмент жариялау процедурасын бастамақ.




Демократтар республикашылдар әділет министрлігін сынға алып және оның жұмысына килігіп, арнайы прокурор Роберт Мюллер жүргізіп жатқан Ресейдің сайлауға килігу ықтималдығын тергеу ісіне кедергі келтірмек деп біледі.


Ал республикашылдар "Ресейдің килігуі" ісін жеделдетіп аяқтауға шақырады. "Егер президентке қарсы қандай да бір материалдарыңыз болса, сотқа беріңіздер" деді конгрессмендердің бірі. Ол тергеуде Трамп штабының Ресеймен астыртын сөз байласқанын анықтай алмағанын айтты.


Әділет министрлігінің өкілдері конгресске құжаттардың бір бөлігін ендігі беріп қойғанын, бірақ Федералдық тергеу бюросы агенттерінің құпия ақпараттарын жариялауға дайын емесін мәлімдейді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus